Жұма, 22 Қараша 2024
1901 2 пікір 31 Наурыз, 2022 сағат 14:34

Қазақстанға Ресейден инвесторлар ағыла бастады

Ресейлік инвестор Ақтөбе облысында 152 млрд теңгенің жобасын жүзеге асырғысы келетінін айтқан.

Жоба облыста титан-цирконий кендерін өндіру және қайта өңдеу бойынша тау-кен байыту кешенін салуға арналған. Қазір ресейлік компания директорлар кеңесінің шешімін күтіп отыр. Инвестицияның жалпы көлемі 152 млрд теңге.

Жаңа кешен жылына 2,2 мың тонна өнім шығарып, 600 жұмыс орнын аша алады. Қала әкімдігі бұл жобаның Ақтөбе облысын дамытудың кешенді жоспары аясында енгізілетін ірі өндіріс тізіміне кіретінін айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, облысты дамытудың кешенді жоспары аясында құны 16,6 млрд теңгені құрайтын тағы үш өндіріс орнын іске қосу жоспарланып отыр. Өнеркәсіп нысандары химия және тау-кен өнеркәсібі, машина жасау болмақ. Бұл 300 жұмыс орнын қамтиды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308