Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
4023 1 пікір 5 Сәуір, 2022 сағат 16:03

Қазақстаннан шетелге шығарылған қаржыны қайтарумен айналысатын комиссия құрылды

«Қазақстаннан шетелге шығарылған қаржыны қайтарумен айналысатын комиссия құрылды. Үкімет хабарына қарағанда, комиссияда бес жұмыс тобы болады. Олар қаржының шетелге қалай шыққанын, оны елге қайтару  және шектеу шараларын қабылдайды»,- деп хабарлайды Abai.kz сайты masa.media сайтына сілтеме жасап.

Сыртқа шығарылған қаржының ішінде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев отбасының қаржысы бар-жоғы әзірше нақтыланбады. Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев пен Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «экс президент отбасының қаржысы бар-жоғын анықтау комиссияның, құқық қорғау органдарының міндеті» екенін айтқан.

Айта кетейік, 2022 жыл 8 ақпан күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке екі айдың ішінде Қазақстаннан шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару жөнінде ұсыныс әзірлеуге тапсырма берген болатын.

«Үкіметке екі ай мерзім ішінде шетелге заңсыз әкетілген қаржы мен онда сатып алынған активтерді елге қайтару жөнінде ұсыныстар беру міндеті жүктеледі», - деді Мемлекет басшысы.

“Tax Justice network” халықаралық ұйымының мәліметінше,  соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелге 140-160 миллиард доллар көлемінде қаржы шығарылған.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2529
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 690
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 661