Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
3106 4 пікір 5 Сәуір, 2022 сағат 16:30

Ауылшаруашылық техникасының тозығы жетті

Қазақстандағы ауылшаруашылық техникасының әбден тозығы жеткен. Қолданыстағы комбайндар мен тракторлардың пайдалану мерзімі өтіп кеткеніне 10 жылдан асты. Бұл туралы сенат депутаты Мұхтар Жұмағазиев отандық ауылшаруашылық техника өндірісін дамыту тақырыбына арналған дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.

Ескірген автопарк, ел аумағында техника өндіретін кәсіпорындардың тапшылығы, сондай-ақ валюта тұрақсыздығына байланысты шетелден әкелінетін техниканың 1-1, 5 есеге  қымбаттауы ауылшаруалығы саласындағы күрделі мәселелерді туғызды.

"2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша трактор паркінің 80 пайызы және комбайн паркінің 76 пайызының пайдалану мерзімі өтіп кеткеніне 10 жыл болды. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіріп, кешіктіреді", — дейді Жұмағазиев.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 816
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 3042
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 2070