Сенбі, 23 Қараша 2024
2617 2 пікір 6 Сәуір, 2022 сағат 11:58

Жириновскийдің суреті бар «сыйлық» таратылды

Таразда мектеп мұғалімі ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийдің әрі оның басқаратын Ресей либералды-демократиялық партиясының (ЛДПР) суреті салынған «сыйлықтар» таратқан. Бұл туралы Жымбыл облысының әкімдігі мәлімдеді.

Айта кетейік, Владимир Жириновский Қазақстанның тұтастығына зиян келтіретін арандатушы сөздерімен танымал болған ресейлік саясаткер.

«2022 жылдың наурыз айында Тараз қаласы №13 мектебінің 6-сыныптар жетекшісінің бірі мектеп әкімшілігімен ақылдаспай оқушыларға ресейлік партияның логотипі бейнеленген сыйлықтар таратқан»,-деп жауап берді әкімшілік.

Шенеуніктердің айтуынша, «Педагог мәртебесі» туралы заңда мұғалімнің білім беру процесін саяси үгіт-насихат үшін пайдалануға құқығы жоқ екені жазылған.

«Мұғалімге түсіндіру жұмысы жүргізілді. Өңірдің басқа да мұғалімдеріне ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Педагогикалық этиканы бұзғаны үшін мұғалімге сөгіс берілді. Сондай-ақ, Тараз қаласының №13 орта мектебінің директоры мен оқу - тәрбие бөлімінің меңгерушісі де сөгіс алды», - деп хабарлады облыс әкімдігі.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377