Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2691 0 пікір 22 Қазан, 2012 сағат 15:39

ОҚО: «Даму-Көмек» көмекке келді

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ -ның Оң түстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық филиалы істерін жаңадан бастап келе жатқан төрт мүгедек кәсіпкерге «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында демеушілік көмек ұйымдастырды.

50 жастағы Сәуле Қысабекова Шымкентте тұрады. Үшінші топтағы мүгедек әйел үйде іс тігумен табыс табады. Семей қаласындағы «Большевичка» фабрикасында 14 жыл тігінші болып істеген әйелдің кәсіби дағдылары бар. Ол «Даму» қорына жаңа тігін машинасын сатып алуға көмек сұрап барды. «Мұндай өтінішті 27 жасар Севина Тохтаметова да білдірді. Үшінші топтағы мүгедектігіне қарамастан, әйел «Гүлнар» ЖШС-де тігінші болып жұмыс істеуде, бұдан басқа, тапсырыстарды үйге де алады», - дейді қордың өкілі Майя Бердәлиева.

Сайрам ауданының 29 жасар тұрғыны, бағдарламашы, бірінші топтағы мүгедек Санжар Дадаметовке компьютер керек. Бұл ақылды машина 47 жастағы Төрехан Жетпіспаевтың талантының дамуына да көмегін тигізер еді. Үшінші топтағы мүгедек өлең шығарып, музыка жазады, «Сайрам талан ттары-2010» аудандық байқауының дипломымен марапатталған. «Төрехан шығармашылық қызметін жалғастырмақшы болып, аймақтық қордың мекен жайына компьютер сатып алуға көмек көрсету өтінішін жіберген», - деп түсіндірді М.Бердәлиева.

Оларға «Ferrum Vtor» компаниясы демеушілік көрсетті. Кәсіпорын басшысы Руслан Омаров екі әйелге «Toyota» моделіндегі жаңа тігін машиналарын, ер адамдарға - «Lenovo» ноутбуктерін сыйлады.

«Даму» қоры мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді демеушілер және несие берушілермен байланыстырушы ретінде қызмет атқарады. 1 маусымға дейін облыстық филиалға қызмет етіп жүрген және істерін енді бастап келе жатқан 92 мүгедек кәсіпкер жүгінді, олардың 47-сіне демеушілік көмек көрсетіліп үлгерілді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377