Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3874 6 пікір 26 Сәуір, 2022 сағат 12:24

Конституциялық реформа барлық салаға өзгеріс әкеледі

Саясаттанушы Самат Нұртаза еліміздегі саяси реформаларға қатысты пікір білдірді. Оның ойынша, басты өзгеріс – тұңғыш президенттің статусының өзгеруі.  

"Саяси реформаларға келетін болсақ, конституциялық комиссияның енгізген өзгерістері бойынша, барлық салада жаңалықтар күтіліп отыр. Партияларға талаптар төмендетіледі, өлім жазасы болмайды. Ең бастысы тұңғыш президенттің статусы өзгереді. Яғни ол тек қана тұңғыш президент болып қалады да, қалған барлық ерекшеліктері, қосымша игіліктері жойылады. «Туған-туысқандары әкімшілік-қылмыстық кодекспен қудаланбайды, не істесе де оларды соттауға болмайды» деген нәрселердің барлығы жойылады да, тек қана символ ретінде, мемлекеттің негізін қалаған адам ретінде қалады", – деді ол.

Сондай-ақ Самат Нұртаза Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың статусына қатысты саяси реформаның кейбір тұстарымен келіспейтін ашулы топ барын да атап өтті.

"Әрине, «1991 жылға дейін қазақтарда мемлекет болды ғой, неге ол кісіні бірінші адам деп айтасыңдар» деген ашулы топ бар біздің қоғамда, оны жасыруға болмайды. Бірақ бұл жерде айта кететін нәрсе, біз Ресей империясына бодан болғанға дейін бізде хандықтар, сұлтандықтар болды, бірақ республика болған жоқ. Менің ойымша, бұл жерде республиканың негізін қалаған десе, дұрысырақ болар еді. Ал Кеңес Одағының құрамында республика болдық, бірақ ол егеменді болған жоқ. Бүгінгі Ресейдегі Шешенстан, Татарстан, Якутия сияқты болдық. Сондықтан мұның ара жігін ажырата білу керек деп ойлаймын", – деді саясаттанушы.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340