Сенбі, 17 Қазан 2026
3075 1 пікір 26 Сәуір, 2022 сағат 12:32

Илон Маск Twitter-ді 44 млрд долларға сатып алады

Әлемдегі ең бай миллиардер Илон Маск Twitter компаниясын сатып алады. Сауда келісімі жасалғанын дүйсенбі кұні кешке ақпарат агенттіктері хабарлады. Мәліметті Twitter корпорациясы растады.

Келісім құны шамамен 44 миллиард доллар.

Twitter әлеуметтік желісін сатып алу туралы шешімін Маск сөз бостандығының маңыздығымен түсіндірді. Твиттерінде миллиардер ең аяусыз сыншылары да енді оның әлеуметтік желілердегі аккаунттарын жоя алмайды деп жазды.

4 сәуірде Маск Twitter компаниясы акцияларының 9,2 пайызын сатып алды. Содан кейін әлеуметтік желінің акциялары 9,2 пайызға көтерілді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1044
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1397