Ә.Бөкейхан мен Н.Нұрмақовқа ескерткіш-тақта орнатылғанына жыл толды (видео)
Бір жыл бұрын (28.10.2011 ж.) Алаштың қос арысы Әлихан Бөкейханұлы мен Нығмет Нұрмақұлының басына ескерткіш-тақта орнатылды. Қазақ халқының 1937 жылы 27 қыркүйекте жазықсыз атылған айбынды ұлдарының Мәскеу қаласындағы Дон қабірстанында №1 ортақ қабірге жерленгені белгілі. Алайда Алаштың зиялылары аңсаған азаттыққа қол жеткізген уақыттан бері басына ешбір белгі қойылмай келді. Елдігімізге сын, ұлттығымызға мін болған осынау олқылықтың орны толтырылып, Алаштың қос оғланына, ұлт көсемдеріне, ескерткіш-тақта орнатылды. Әлбетте, Алаш руханияты үшін ірі жаңалық еді. Тарихи сәт! Қос арыстың халқы һәм ұрпағы осынау жаңалықты үлкен ілтипатпен қабылдаған-ды. Ұрпақтардан бабаларына тағзым ретінде қойылған бұл белгі ұлт рухының асқақтығын және бір дәлелдесе керек. Енді оқырмандарымыздың сұранысы бойынша, осы оқиғаны еске түсіріп, жадымызда жаңғыртып, тарихи сәттің бейнетаспасын ұсынып отырмыз!
Қабыл алыңыз, алашшыл оқырман қауым!
"Abai.kz"