Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3587 0 пікір 23 Шілде, 2009 сағат 06:14

Алматы әкімі кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстың қазіргі деңгейін тым жоғары деп есептейді

Алматы. 22 шілде. ҚазТАГ – «Алматыда соңғы алты жылда байқалып отырған балалар арасындағы қылмыстың деңгейіне қарасақ, қалалық полиция кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстармен күресте үлкен жетістіктерге жете алмағанын көреміз», – деп мәлім етті Алматы әкімі Ахметжан Есімов қалалық полиция жұмысының қорытындысы бойынша ІІМ Серік Баймағамбетовтың және қалалық ІІД құрылымдық бөлімшелері басшыларының  қатысуымен өткен кеңесте.

«Иә, нәтижелер бар, алайда бұл деңгей біздің қаламыз үшін тым жоғары. Сондықтан ешқандай жайбарақаттық болмауға тиіс», – деді әкім.

Құқық қорғау органдарының мәліметтерін алға тарта отырып А. Есімов жиналғандардың назарын жарты жылда ғана кәмелетке толмағандардың 100 қылмыс жасағанына аударды. Олардың ішінде денсаулыққа зиян келтіру, қарақшылық, ұрлық, бұзақылық, алаяқтық, бопсалаушылық және көлік айдап әкету қылмыстары бар. «Құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшеге 4,5 мыңнан аса жасөспірім жеткізілген, олардың жартысынан көбі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 944-і уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығына орналастырылды. Бұл сандарға қарап, тиісті қорытынды жасауға болады», – деп атап көрсетті ол.

«Өткен жылы біз осы тақырыпты (балалар арасындағы қылмыс  – ҚазТАГ) көтергенде, әкімдік мектеп инспекторларын толығымен қаржыландыруды өз мойнына алды...Олардың (мектеп инспекторлары кадрлары - ҚазТАГ) осы уақытқа дейін  қамсыздандырылмай отырғаны маған түсініксіз. Қазіргі дағдарыс жағдайында біз әрбір теңгені есептеуге тиіспіз. Егер ақша бөлінсе, оны тиімді пайдалану қажет, олар жұмыс істеуге тиіс», – деп мәлім етті әкім. Ол 9 сәуірде президент кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ІІД, білім мекемелері мен ата-аналар комитеттерінің бірлесіп жұмыс атқаруына назар аударғанын полиция бастықтарының есіне салды. 

«Бұл – өскелең ұрпақ, біздің еліміздің, қаламыздың келешегі, біздің елімізде игілік құратын адамдар»,- деп ерекше атап өтті А. Есімов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1534
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3314
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6007