Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3317 0 пікір 1 Қараша, 2012 сағат 12:51

Бауыржан Мұхаметжанов, Маңғыстау облысының әкімі: «Ақсақалдардың айтқан сөздерінен аттап кетпеуіміз керек»

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхаметжанов Ақтаудағы битум зауытының жұмысымен танысып шыққаннан кейін журналистер аймақ басшысына Жаңаөзенге Бекет ата атын беруге қатысты пікірін білу үшін сұрақ қойды.

Бауыржан Мұхаметжанов қоғамда қызу талқыланып жатқан Жаңаөзенге Бекет ата атын беру ұсынысы төңірегінде түрлі пікірлер туындағанын айтты. «Ақсақалдар осындай ұсыныс жасағанын білесіздер. Қазір барлық жерде талқылап, әрбір адам өз пікірін айтып жатыр. Маған да хаттар келуде. Біреулер қала атын өзгертуді қолдап, енді біреулер қолдамайды екен. Кейбіреулер ұсыныс орынды дейді, бірақ соны қазір жасау керек пе дейді. Басқа ұсыныстар да бар», -  дейді облыс әкімі Бауыржан Мұхаметжанов.

Облыс басшысының айтуынша, оған біраз жерде салмағы ауыр сұрақтар да қойылыпты. «Одан қорқатын ештеңе жоқ деп ойлаймын. Бәрінің пікірі орынды. Халықтан ештеңені жасырып отырған жоқпыз», - деп атап өтті әкім.

Әкім бұл мәселеде асығыстық жоғын қайталап айтты. «Сендер мынаны істеңдер деп тапсырма беріп отырған ешкім де жоқ. Ел болып, халық болып қарайық, ақылдасайық. Жеті рет өлшеп, бір кесейік. Маңызды сұрақтарды осылай шешуіміз керек. Әрбір кісінің пікірін естиік, тыңдайық, сосын шешім қабылдаймыз», - деді ол.

«Қазақтың дәстүрінен, ақсақалдардың айтқан сөздерінен аттап кетпеуіміз керек. Бірақ та ақылдасайық, сосын бір шешімге келеміз. Еш асығыс жоқ. Халқымыз алаңдамай жұмысын істей берсін. Біз үшін қазір маңыздысы ат ауыстыру емес, елдің қамы. Халыққа жұмыс тауып беру керек. Отағасы отбасына нәпақасын тауып, бағып-қағып отырса, ең маңыздысы сол», - деді Бауыржан Мұхамеджанов.

Естеріңізге сала кетейік, 27-қазан күні Оғыландыдағы Бекет ата басында маңғыстаулық ақсақалдар кеңес құрып, Жаңаөзенге Бекет ата атын беру керек деген ұсыныс айтқан болатын. Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхаметжанов та қатысқан еді. Қырыққа жуық қария ұсыныс хатқа қол қойып, облыс басшысына тапсырды. Содан бері бұл ұсыныс БАҚ бетінде қызу талқыға түсті.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371