А корпусынан шығарылған мемлекеттік қызметкерлер оған ешқашан оралмайды
Жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін А корпусынан шығып қалған мемлекеттік қызметкерлер оған ешқашан орала алмайды, деп мәлім етті ҚР президент әкімшілігі (ПӘ) жетекшісінің орынбасары Бауыржан Байбек.
«А корпусындағылар - элиталардың элитасы. Олардың аймақтық тәжірибесі болуға тиіс, орталықта жұмыс істейді. Олардың ағылшын тілін білгені, қазақ тілін жетік меңгергені жақсы. Бұл - өз білімдерін тұрақты негізде жетілдірумен айналысуға тиіс адамдар, егер ... қандай да бір жемқорлық құқық бұзушылықтар болса, бірден мәселе қаралады, егер адам А корпусынан шығып қалса, екінші рет оған орала алмайды», - деп мәлім етті ол жұма күні «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау» семинарында.
Осыған байланысты ПӘ басшысының орынбасары А корпусына өткен адамдар сол орындарын бағалауға тиіс екенін атап көрсетті.
Б. Байбектің айтуынша,үкімет А корпусындағы қызметкерлердің жалақысын жеке сектордың деңгейіне жеткізу мәселесін қарастырып жатыр.
«Сәйкес бонустық жүйе болады. А корпусына президенттің шешімімен ғана өте алатын болады», - деді ол.
Оның айтуынша, А корпусының кадрлық резервіне кандидаттарды ПӘ басшысы мен оның орынбасарының, парламент мәжілісі мен вице-спикерлерінің қатысуымен президенттің жанындағы арнайы комиссия іріктейді.

А корпусындағы 500 негізгі тұлға арқылы тиімді саясат жүргізіледі. Олардың қатарына орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары, комитеттердің төрағалары, қалалар мен аудандардың әкімдері кіреді. Орталық мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың әкімдері мен олардың орынбасарлары, облыс орталықтарының әкімдері саяси мемлекеттік қызметкерлер болып қалады.
Дереккөз: ҚазТАГ