Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 3920 7 пікір 11 Мамыр, 2022 сағат 13:17

Санкциялар: Ресей халқы азайып барады...

Ресей демографиясы ұзақ жылдар бойы солтүстік көршіміздің басты мәселесі болып табылады. КСРО құлағаннан кейін Ресейде халық санының кему процесі басталды. Оны тіпті «демографиялық ұйық» деп те атап жүр. Салдарынан Ресейде жұмысқа қабілеттілер саны азайып, Ресейдің біршама саласы сырттан келетін еңбек мигранттарының жұмысына тәуелді болған. Дегенмен мәселені 2020 жылы әлемге тараған коронавирус пандемиясы қиындата түсті. 

2020 жылы Ресей коронавирусқа байланысты бірқатар шектеулер қойып, елден жаппай еңбек мигранттарын шығаруды бастады. Олардың саны 1,3 млн болатын. Араға екі жыл салып, Ресейге салынған санкциялар күшейді. Ресейдің Луганск және Донецк облыстары сепаратистерінің тәуелсіздігін мойындауы мен Украинаға ашық басып кіруі оған салынған санкцияларды күшейтті. Бұл өз кезегінде Ресейден халықтың өзге аймаққа кетуіне әсер етті.

Ресми дерек бойынша, 2022 жылы Ресейден тысқары шығып кеткен халықтың саны 3,8 млн адамды құрайды. Оның 204 мыңы Қазақстан аумағына кірген. Бұл үлкен көрсеткіш және Ресейден кететін халықтың 20 жылдағы үлесі дейді мамандар. Санкция қысымынан қашушылардың арасында т.рлі компания өкілдері, блогерлер, тұрғылықты жерін ауыстыруға ниеттілер мен өзге де жандар жетерлік. 3,8 млн адамның ішінде еңбек мигранттары да бар екенін ескеруге тиіспіз.

Санкциясыз да Ресей демографиясы оңып тұрғаны шамалы. Солтүстік көршіміздің халқының санына жүрек және обыр ауруынан көш бастауы мен кедейшілік және соңғы екі жылдағы пандемия кері әсер еткен.

2021 жылы Ресейде бала туу көрсеткіші 2,3%-ға төмендеп, 2002 жылғы көрсеткішке жеткен. Егер Ресейдегі бала туу көрсеткішіне назар аударатын болсақ, онда  1990-2000 жылдары көрсеткіштің төмендегенін көреміз, әсіресе 1998 жылдан кейін екі жыл бала туу көрсеткіші азайған. Ол елдегі дефолт пен әлеуметтік жағдайға тікелей байланысты. Бала туу көрсеткіші 1,99 млн адамнан 1,27 млнға дейін түскен. Артынша біртіндеп артып, 2012-2014 жылдары 1,9 млнға жеткен. 2014 жылдан бастап қайта төмендеп, 2021 жылы 1,4 млн адамды құрады. Яғни 2014 жылмен салыстырғанда 500 мың балаға аз.

Ресейде бала тууды ынталандыру үшін «Ана капиталы» қабылданған болатын. Алайда ол өзгерістің де айтарлықтай жағдайды түзеуге септігі тимеді. Ал санкциялардан кейін бағаның шарықтауын есепке алсақ, «Ана капиталына» қызығушылар саны да көп болмасы анық.

«Соңғы сегіз жыл ішінде ресейліктердің өмір сүру көрсеткіші 14%-ға түскен, ал халықтың 30% ай сайын 19 мың рубльден төмен қаржыға күн көреді», - дейді мамандар. Бұл да өз кезегінде демографияға әсер етіп, кері эффект береді.

Демографтар Ресей экономикасы дефолтқа ұшыраса және елден кетушілер саны артса, онда демографиялық жағдай тіпті нашарлап, жыл сайынғы бала туу көрсеткіші 800 мыңға дейін төмендеуі мүмкін деген жорамалды айтуда.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434