Сенбі, 23 Қараша 2024
Білгенге маржан 5379 34 пікір 13 Мамыр, 2022 сағат 13:39

Сталин - қанішер, алаяқ һәм жеңімпаз...

Сталин - бұқаралық ақпарат құралдарында көп айтылған тарихи тұлғаның аты. Ол ел есінде миф жасаушы, адамдардың санасын адастырған алаяқ, сондай-ақ, жеңімпаз ретінде қалды. Ендеше көсемдік әрі қанпезерлік бір бойына жиналған Сталиннің саяси режимі нені мақсат етті? Жік-жікке бөліп қарап көрейік.

Біріншіден, «Сталинизм» термині ғылыми әдебиетте қолданылмайды. Бұл термин нақты саяси қозғалыстарды – «коммунизм», «марксизм», «ленинизм» және т.б. білдіретін ұғымдармен жалған ассоциацияларды туғызады. Сталиннің саяси режимі шын мәнінде болшевиктік идеологияға абсурдтық еліктеуден туған идеологиясыздандырылған диктатура болды. «Сталинизм» ешқашан біртұтас идеологиялық тұтастықты құрған жоқ. Тек Сталин «ерекше» мемлекеттік режимі арқылы есте қалды.

Екіншіден, Сталин өзі құрған саяси режимді басқара отырып, ешқандай идеологиялық ойларды басшылыққа алған жоқ. Сталин өте әккі әрі жұмбақ адам болған. Сондықтан оның мақсатын, жоспарларын, оларды жүзеге асыру әдістерін адам түсініп болмайтын. Оның идеологиясы жаттанды, үнемі өзгеріп отыратын клишелердің жиынтығы іспеттес. Ол ешқашан партияда талқыланбайтын. Себебі, талқылауға болмайтын тек мойынсұнуға болатын идеология еді.

Үшіншіден, Сталиннің кезіндегі ауылшаруашылығын ұжымдастыру ісі шаруалардың еңбек өнімділігін көтеруді мақсат еткен жоқ.

1920-шы жылдардағы санаулы колхоздар мен совхоздарда экономикалық өсім болған жоқ. 1929 жылдары тіпті, құлдырап кетті. Күштеп ұжымдастырудың негізгі мақсаты – ауыл халқының барлық мүлкін Саяси бюро тартып алып, шаруалардың есіл еңбегін пайдаланудың ең қарапайым жолын жасау еді. Колхозға қарағанда жеке шаруаның өнім шығарғаны әлдеқайда жемісті болды және өндірілген өнім мемлекетке емес шаруаның өзіне тиісілі болатын, сондықтан үкімет ұжымдастыруды бастады. Себебі, Мемлекеттің ұжымдастыруға дейін халықтан алынатын аздаған салыққа қанағат етуіне тура келді.

Төртіншіден, Сталиндік индустрияландырудың Кеңес экономикасын көтеретін мақсаты болған жоқ. Керісінше, индустрияландыруды жоспарлау азаматтық экономиканы, шағын өнеркәсіпті (ол халықты өмір сүруге қажетті барлық тауарлармен – азық-түлікпен, киім-кешекпен, аяқ киіммен, тұрмыстық заттармен қамтамасыз ететін), сауда, жеке қызмет көрсету және ойын-сауық инфрақұрылымын жойды.

Сталиндік индустрияландырудың бірден-бір мақсаты елдің барлық материалдық ресурстарын КСРО-да әскери және ауыр өнеркәсіпті салуға жұмсау болды. Соның салдарынан халықтың өмір сүру деңгейі қатты төмендеді. Алғашқы екі бесжылдықта салынған өнеркәсіп орындары халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін емес, тек әскери мақсатқа арналған еді.

Бесіншіден, Сталиндік экономика – мобилизациялық экономика болды.

Бұл дегеніміз - бейбіт заманда  өнеркәсіптің қару-жарақ шығаруға, армияны жабдықтауға барынша бағытталғанын білдіреді. КСРО экономикасының барлық салалары осы мақсатта жұмыс істеді. Адамның өмір сүруіне қажетті барлық заттар – тамақ, киім-кешек, баспана, медициналық көмек барынша үнемделді. Тапшылық болды. 1939 жылы Германиямен пакті жасасқанға дейін және дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін КСРО-ға қарсы агрессия жасай алатын сыртқы жаулары болған жоқ. Сол кездегі сталиндік әскери жоспарлау кеңестік агрессияның ықтимал құрбандарын «ықтимал қарсыластар» деп санады.

Алтыншыдан, Сталиннің сыртқы және ішкі саясаты сыртқы экспансияға арналды.

1930 жылдардың басында КСРО-ның барлық батыс көршілері (оларды қолдайтын Англия мен Франция да бар) «ықтимал қарсыластар», яғни кеңестік агрессияның алғашқы объектілері ретінде тізімге кірді. 1935 жылдан бастап Сталин Гитлерге қарсы жылжи бастады. Нәтижесінде 1939 жылғы КСРО мен Геманияның арасында пакт жасалып, Сталин мен Гитлер Еуропаны бөліп алғысы келіп Екінші дүниежүзілік соғысты бастады. Осы сәттен бастап кеңестік әскери жоспарлаудың мақсаты Германиямен соғысу болды. Гитлердің жеңілісі Сталинге Батыс Еуропаға жол ашты. Соғыс біткен соң да Сталиннің сыртқы саяси мақсаттары өзгерген жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін КСРО-да жаңа дүниежүзілік ядролық соғысқа қызу дайындық басталды. Ол ресми түрде 1991 жылы КСРО ыдырағанға дейін жалғасты.

Жетіншіден, Сталин заманында зиялылар жаппай қуғын-сүргінге ұшырады.

Кеңес өкіметінің саяси қарсыластары мен ішкі партиялық оппозиция сталиндік қуғын-сүргін құрбандарының аз ғана бөлігі еді. 1929 жылдан бастап әртүрлі жолмен қуғын-сүргінге ұшырағандар саны қарқынды өсті. Бұл бірінші бесжылдықтың объектілерін салу үшін адамдарды жұмыс күші ретінде шөлейт жерлерде орналасқан өндіріс орындарына күшпен тартумен байланысты еді. Этникалық депортациялардың көмегімен Сталин өзінің «геосаяси мәселелерін» шешті.

Сегізіншіден, Сталин құрған мемлекет-құқықтан жұрдай мемлекет. Сталиндік КСРО-да үкімет мүдделерінен тәуелсіз «әділет» ұғымы болған жоқ. Заң партияның жоспарларына қызмет етті және жоспарлар өзгерген сайын заң да өзгеріп отырды. Тергеу адамның кінәсін анықтамайтын. Сот шешімдері партия басшылығының мүддесі мен нұсқауымен шығарылды. Жаңа репрессиялық заңдарды қабылданды. Гитлерлік Германия Сталиндік КСРО-ға қарағанда әлдеқайда жоғары құқықтық мемлекет болды. Гитлерлік Германияда да демократияға қарсы заңдар қабылданды, бірақ билікке қарсы әрекет жасады деп күдікке ілінген азаматтың кінәсі толық тексерілді. Егер күдік расталмаса, күдікті босатылды. Гитлерлік Германиядағы сот пен полиция партиялық органдардан белгілі бір автономияны сақтап қалды, Сталиндік КСРО-да бұл атымен болған жоқ.

Сталиндік КСРО-дағы билік Кеңес Одағын тоталитарлық лагерге айналдырған, халқын коммунистік өтірікке тойдырған екіжүзді демагогтартардың қолында болды.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

34 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458