Сенбі, 23 Қараша 2024
2094 1 пікір 13 Мамыр, 2022 сағат 14:14

BI Group салық төлеуден жалтарған ба?

Ақпарат құралдарында BI Group құрылыс холдингінің салық төлеуден жалтарғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Онда Мемлекеттік кірістер комитеті Айдын Рахымбаевқа тиесілі BI Group холдингінің 2021 жылы және биылғы жылдың 4 айында 900 миллион теңге салық төлеуден жалтарғанын анықтағаны айтылған.

Ал құрылыс холдингінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді.

«Ақпарат құралдарында айтылып жатқан тексерулер барлық заңға негізделген салық төлеушілер үшін жыл сайынғы және тұрақты жүргізілетін тексеру. Сондай-ақ холдинг 2019-2021 жылдары шамамен 100 миллиард теңге салық төледі», – деді BI Group өкілдері.

Бұл жағдайға Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері де түсініктеме берді. Айтуларынша, BI Group іс жүзінде қосымша 0,9 млрд теңге салық төлеген. Оның үстіне бұл сома ұлғаюы мүмкін – холдингтегі тексерулер жалғасуда.

Қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер комитеті салық жүктемесі төмен құрылыс саласындағы төлеушілерге, оның ішінде BI Group компаниялар тобына қатысты салықтық тексерулер жүргізуде.

Бұған дейін Мәжілісте Жамбыл Ахметбеков бастаған бір топ депутат BI Group компаниясын тексеруді талап еткен болатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5472