Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2585 5 пікір 17 Мамыр, 2022 сағат 18:32

Референдум әділетті мемлекет құрудың бастамасы

Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдумды түсіндіру мақсатымен Мәжіліс депутаттары Мейрамбек Төлепберген, Назиля  Раззак және Гүлдара Нұрымова Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылының зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Жиында халық қалаулылары Конституциялық реформа азаматтардың елді басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттыратынына және алдағы уақытта әлеуметтік әділеттіліктің орнауына жол ашатынын айтып, алдағы науқаннан қалыс қалмауға шақырды.

– Референдум – қоғам арасында қызу талқыланып, қолдау тауып отыр. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту – халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі. Өзгеріс аз емес. Соның бірі – Парламенттің рөлі күшейіп, мәртебесі артады. Мәжілісті қалыптастырудың аралас моделі енеді, Парламенттің бақылау функциялары да кеңейеді. Яғни, азаматтардың мүддесін қорғау механизмі күшейеді, – деді Мейрамбек Төлепберген.

Өз кезегінде Гүлдара Нұрымова референдум болашағымызды айқындайтын ізгі бастама екенін алға тартып, еліміз саяси өзгерістердің алдында тұрғанын атап өтті.

Ал Назиля Раззак алдағы ауқымды реформаларды заңмен бекіту үшін бізге референдум қажет екенін айтты.

– Бұл ел дамуы үшін маңызды қадам. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі. Біз дауыс берушілер ретінде осы науқанға атсалысамыз. Болашақ – жастардың қолында. Барлық бастама солар үшін қолға алынып жатыр. Сондықтан бұл іс-шараның ортасынан әуелі жастардың табылуына жол сілтеуіміз керек, – деді Айша бибі ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқын Қалыбаев.

Жиналғандардың пікірінше, бұл референдум  әділетті, әрі ашық мемлекет құрудың бастамасы.

 

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5531