Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
3041 0 пікір 18 Мамыр, 2022 сағат 12:37

«Өзбеккосмос» енді OneWeb-пен жұмыс істейді

"Өзбеккосмос" агенттігі төменгі орбиталы спутник байланыс қызметтерін көрсететін британдық OneWeb компаниясымен әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақпаратқа қарағанда, тараптар Өзбекстанның шалғай жатқан аймақтарын жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеуге ниет білдірген.

Меморандум аясында "мемлекеттің OneWeb'тің барлық мүмкіндігін пайдалануды" талқылаған.

"Өзбеккосмос" пен OneWeb компаниясы "OneWeb'тің сигналды аз уақыт ішінде жоғары жылдамдықта өткізуде ең төменгі орбиталды телекоммуникациялық спутник системаларын қолдану бойынша" сараптамалық орталық құруға келіскен.

Осыған дейін Өзбекстанның ақпарат технологияларын дамыту министрлігі және "Өзбеккосмос" агенттігі SpaceX компаниясының өкілдерімен елге Starlink жобасын тарту және Өзбекстанда өкілдігін ашу мүмкіндігін талқылағанын хабарлаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1511
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3126
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1119
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1043