Референдумға бөлінген 16,4 млрд теңге қалай жұмсалады?
Қазақстанда референдум өткізуге 16,4 миллиард теңге жұмсалады. Бұл туралы орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина мәлімдеді.
Оның айтуынша, соманың 80 пайызға жуығы комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге кетеді. Ал қалған бөлігі дауыс беру учаскелеріне материалдық-техникалық көмек көрсетуге, референдумның орталық, учаскелік және аумақтық комиссияларының жұмысын жүргізуге, баспа өнімдерін дайындауға, сондай-ақ, ақпараттық қолдау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жұмсалады.
Abai.kz