Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
Билік 2787 0 пікір 18 Мамыр, 2022 сағат 16:01

Мәжіліс депутаттары халықты жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырды

Мәжіліс депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына барып, «Масло-Дел» ұжымымен кездесті. Онда депутаттар кәсіпорын қызметкерлеріне Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер туралы айтты.  

Депутаттар ұжым қызметкерлерін референдумға белсенді қатысуға және конституциялық өзгерістер үшін дауыс беруге шақырды.

- Соңғы 27 жыл ішінде Конституцияға төрт рет түзетулер енгізілді, бірақ оларды Парламент қабылдады. Енді азаматтар түзетулер үшін өздері дауыс береді, – деді Дмитрий Колода.

Ал депутат Ерлік Тайжановтың айтуынша, әрбір азамат алдағы саяси өзгерістерге өзінің қатысы бар екенін сезінуі тиіс.

Айта кету керек, Қазақстандағы тамақ өнімдерін өндіретін ірі компаниялардың бірі саналатын «Масло-Дел» ұжымында 500-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Жыл сайын мұнда 150 мың тоннадан астам өнім шығарылады.

Өз кезегінде, компания қызметкерлері конституциялық өзгерістерге дауыс беруге дайын екендіктерін айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1527
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3147
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1141
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1056