Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2532 0 пікір 9 Қараша, 2012 сағат 14:14

Башар Асад Сириядан кетпейтінін айтады

Сирия президенті Башар Асад елді тастап, биліктен кету ниеті жоғын мәлімдеді.

Ресейлік Russia Today телеарнасына берген сұхбатында Асад "Мен қуыршақ емеспін. Батысқа кететіндей мені Батыс немесе басқа ел жаратқан жоқ. Мен сириялықпын және Сирияда өмір сүріп, осында өлуге тиіспін" деді.

Башар Асад бұған қоса Батыс елдері Сирияға басып кіреді дегенге сенбейтінін айтады.

Ал Сирия оппозициясы қайта жасақтала бастады. Ірі оппозициялық топ - Сирия ұлттық кеңесі Катарда оппозицияның жаңа бас хатшылығын сайлады. Оның құрамына 40 адам кіреді. Олардың үштен бірі исламшыл топтардың өкілдері. Бүгін АҚШ-тың қысымымен хатшылық қуғындағы  Сирия үкіметін жасақтау үшін басқа да оппозициялық топтармен келіссөздер бастамақ.

Ұлыбританияда орналасқан Сирия адам құқықтарын қорғау ұйымының соңғы дерегі бойынша, қақтығыстар басталғалы бері Сирияда 37 мың адам қаза тапқан.

Дереккөз: azattyq.org

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1551
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3164
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1161
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1082