«Жер-2009» жаттығу сценариіне сәйкес, Алматы мен Алматы облысында 8-ден 9 балдық жер сілкісі болған жағдайда адам шығыны 900 мыңға жетуі мүмкін
Алматы. 23 шілде. ҚазТАГ – Алматы аймағында өтіп жатқан «Жер-2009» атты командалық –штабтық оқу-жаттығуларының сценариі бойынша Алматы мен Алматы облысында 8-ден 9 балдық жер сілкісі болған жағдайда адам шығыны 900 мыңға жетуі мүмкін. Бұл туралы ҚР ТЖ министрі Владимир Божко хабарлады.
«Алматы мен Алматы облысының территориясында алдын ала мәліметтер бойынша, осыншама жойқын жер сілкінісі болса, жаттығу пайымдауынша халық арасындағы жалпы шығын 900 мың адам болуы мүмкін делінді, оның ішінде 471 мыңы – санитарлық шығындар. Баспанасыздар саны 537 мың болуы мүмкін деп алынды», - деді ол.
«Апат аймағында барлығы 72 мың ғимарат пен құрылыс нысандары «зақымданды», оның ішінде 70 мың үй, білім беру нысандары – 321, денсаулық сақтау нысандары -212, әкімшілік ғимараттар – 729, әлеуметтік –мәдени нысандары – 443», - дейді ҚР ТЖМ басшысы.
Оның айтуынша, сценарий бойынша, құтқару және басқа да шұғыл шараларды ұйымдастырып, басқару үшін ҚР ТЖ министрлігі, орталық және жергілікті атқару орнадарының оперативтік топтарымен бірлесіп Алматыда далалық республикалық оперативтік штабын құрды.

«Түпкі ой бойынша жаппай қирау орын алған жерге әрекет ету күштерін енгізу үш эшалонмен жүргізіледі. Бірінші эшелон бірінші күні жетеді, екінші эшелон екінші және үшінші эшелон 72 сағатта жетеді», - деп В. Бажко бейсенбі күні жаттығу жоспарымен бөлісті. «... құтқару мен басқа да шұғыл жұмыстар облыстық және министрліктің 83 214 адам және 8 мың техникадан тұратын 5969 бөлімше күштерінің тобымен жүргізілмек», - деп қосты ол.
Алдын хабарланғандай, жаттығулардың сценариі келесідей: Алматының оңтүстік-шығысынан 40 шақырым жерде 9 балдық жер сілкінісі болды-мыс. Қалада мұндайда 8 - 8,5 балдық жер асты дүмпулері сезіледі деп болжанып отыр. Мұндай жағдайда Алматыға жақын жатқан барлық төрт ауданда бірден төтенше жағдай енгізіледі. Сценарий бойынша, апат аймағына жедел түрде азаматтық қорғаныс, ТЖМ, қарулы күштердің құрылымдары жеткізіледі.
Вице-премьер Серік Ахметов, қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Нұрлан Әбдіров, қалалық, облыстық полицияның басшылары, денсаулық сақтау министрлігінің, қалалық құтқару қызметінің жетекшілері қатысқан оқу – жаттығулардың мақсаты – басқару органдары, ТЖМ бөлімшелерін және басқа да қызметтерді Алматыда және облыста болуы мүмкін жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға дайындау.
Командалық-штабтық оқу-жаттығулар барысында арнайы техниканың көмегімен қирауларды аршу, тікұшақтың және өрт баспалдақтарының көмегімен ғимараттардың жоғарғы қабаттарынан адамдарды құтқару, құрылысы жүріп жатқан нысандардағы құтқару операцияларының әдістері жүргізілді. Лагерьде қозғалмалы көп салалы медициналық орталық құрылды, ол дала жағдайында зардап шеккендерге күрделі операцияларға дейін кез-келген көмек көрсетуге мүмкіндік береді.