Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
Жаңалықтар 1703 0 пікір 30 Мамыр, 2022 сағат 14:00

Eurovision жеңімпазы бас жүлдені аукционда сатты

Eurovision 2022 ән байқауында жеңімпаз атанған Kalush Orchestra украин тобы "хрусталь микрофонды" аукционда 900 мың долларға сатты.

Аукцион YouTube платформасында көрсетілді. Акцияны тележүргізуші әрі қоғам қайраткері Сергей Пригуланың қайырымдылық қоры ұйымдастырды. Байқау жүлдесін сатып алған адам оның ақысын украин криптовалютасы биржасындағы криптовалютамен төлеген, деп хабарлады Би-би-сидің Орыс қызметі.

Сергей Притуланың айтуынша, түскен ақшаға Украина қарулы күштері үшін PD-2 украин дроны сатып алынады.

Жексенбі күні Берлиндегі Бранденбург қақтасында "Save Ukraine - #StopWar" ("Украинаны құтқар - соғысты тоқтат") қайырымдылық шоуы өтті. Оған әлем жұлдыздарымен бірге Kalush Orchestra тобы да қатысты. Шоуда жиналған қаражат Украинаның он екі облысындағы ауруханаларға аударылады.

Литва тұрғындары үш күнде 5 миллион еуро жинады. Олар Украина армиясы үшін түріктің "Байрактар" дронын сатып алып береді. Литва қорғаныс министрі Арвидас Анушаускас осынша қаражат жиналғанын растады.

Қазтай Жанерке Жандосқызы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар