«Референдумға тәуелсіз бақылаушылар керек»
Алматыда «Тәуелсіз бақылаушылар» қоғамдық бірлестігінің 5 маусымда өтетін республикалық референдумға арналған баспасөз жиыны өтті.
Қоғам белсенділері референдум қарсаңында тәуелсіз бақылаушыларды көбейтуге шақырды. Баспасөз жиынына бірлестік мүшелері Арайлым Назарова, Сәкен Шардаров, Мұхтар Ғалымжанов, Батыр Адайбаев, Әлнұр Ильяшев қатысты. -
Референдумға бармаймыз деушілер көп екенін де білеміз. Халықтың референдумға барғанын да, бармағанын дәлелдеу керек, сол үшін бақылауымыз қажет,- дейді Арайлым Назарова.
Оның сөзінше, бақылаушылар әлі де жеткіліксіз. Белсендінің сөзінше, билік тәуелсіз бақылаушыларға түрлі кедергі жасайды. Мысалы, парламент сайлауы кезінде "Алматы қаласы тәуелсіз бақылаушылар" ұйымынан барған 135 бақылаушының 23-і ғана сайлау учаскелерін соңына дейін бақылай алған.
Дереккөз: Азаттық
Abai.kz