Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3793 0 пікір 13 Қараша, 2012 сағат 07:24

Өткен күндер... Шығыс Түркістан... Тұтас қазақ

Шығыс Түркістандағы елдің мұндағы елге, әйгілі «Қазақ» газеті мен «Сарыарқа» газетіне  ілкі заманда жазған үшбу хатын қатар жариялап отырмыз. Жариялай отырып айтпағымыз мынау: бүгінгі қазақта ұлттық намыстан, кемел ойдан, қайрат пен жігерден кенде емес. Кенде емес болатын себебі ірілік қанында, рухында, тегінде бар. Тек сол қазағымыз аман болсын, алыстағы бауырлар Бабақонысына оралып, аспан тауларға біткен аршадай жайқалып, қаулап өсе берсін.

Сонымен, төмендегі хаттар... Төмендегі хаттар өткен күндердің алтын арқау күміс бауын үзбей ұстауға ұмтылған Шығыс Түркістан - тұтас қазақ кеңістігенен сыр аңғартады.

БАСПАХАНА ТУРАЛЫ

«Қазақ» басқармасының баспахана туралы жазған сөзіне ішіміз еріп, Қытай қол астындағы Күнес елінің қазақтары «Азамат» серіктігіне 600 сом жібердік. (Қазіргі ақша есебіне салсақ, 600 сом - 1 миллион теңгеден асатын қаражат. Ред.) Алаш ұранды қазақ баласы «аһ!» десіп қолға алған ісінен біз де құр қалмалық дедік. Алаш туының астында біз де қосылдық. Қараңғы бір шет жерден біздер қосылғанда басқа көзі ашық, көңілі сергек қай қазақ қарап қалар дейміз. Бүтін алты алаш болып бір баспаханаға ие бола алмаса, қанша ноғайға күлкі болмаймыз ба? Баяғыдан берлі телміргеніміз аз ба?

Егер қазақтың бір баспаханасы болса, әртүрлі газета, журнал басылып, қазақша мектеп кітаптары көбейіп, көзіміз ашылар еді.

Мақсұт тәйжі Сасанұлы,

Молда Нұрбекұлы,

Құсболат Байболатұлы,

Жайырбек Сасанұлы,

Рақым Ақылбекұлы,

Жиенәлі Мейірманұлы.

«Қазақ» газеті. 1916 жыл,17 март. №222

ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

Қытай жері Сарсүмбеден «Сарыарқа» басқармасына мынадай хат келді:

«Қазақ халқы өз алдына автономиялы қатарлы жұрттың бірі болады дегенді естіп, қайырлы болсын айтамыз. Дегенімізге жеткізіп, халқымыз жақсы атпен көркеюіне Алла жәрдем берсін. Қазақ халқы өз алдына ұлт қазынасын ашты дегенді естіп, мұнда біздер 800 сомдай ақша жинап едік. Енді осы ақшаны біз қайда жібереміз, адрес көрсетулеріңізді өтінеміз. Мұғалім Нәсіпбай һәм Баймолла Қараке балалары».

Басқарма: шет мемлекетте тұрған ағайындарымыз Алаш әруағын ардақтап, атсалысқанына Алла разы болсын айтамыз. Алыстағы ағайын мұндай көңіл көрсеткенде, жақындағы алаш, иншалла, аянар деген ой жоқ. Ұлт қазынасына ақша жіберушілерге уақытша адрес мынау:

г. Семипалатинскъ, Халилю Габбасову.

«Сарыарқа» газеті.  1918 жыл, 7 март.  № 32

(Хаттарды «Abai.kz» ақпараттық порталына дайындап ұсынған Ауыт Мұқибекұлы).

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522