Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2682 0 пікір 13 Қараша, 2012 сағат 10:09

Маралтай РАЙЫМБЕКҰЛЫ: ЖАҚСЫ АҚЫНДАРДЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛГЕНІ ҚЫНЖЫЛТТЫ

P.S. Әу баста Маралтай Райымбекұлы «Шабыт» фестивалінде шешуші сәтті күтпей, қазылықтан кетіп қалыпты дегенді естіп, ақынның өзіне хабарласқанбыз. «Жолдамын, қыруар шаруаларымнан қол тимей тұр», -  деген жауап естідік, бірақ. «Шабыттағы» шудың себебін анықтауға қазылар алқасының бір мүшесі Серік Ақсұңқарұлына жүгінгеніміз содан. Алайда, Серік ағамыздың айтуынша Маралтайдың адресіне бағытталған біраз әңгіме болды. Біржақты болып кетпейік деп, Маралтайға қайта-қайта телефон соқтық. Ақырында мынадай жауап естідік:

Маралтай РАЙЫМБЕКҰЛЫ, ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің комиссия мүшесі:

- «Маралтайдың адамы, Маралтай ұсынған үміткер», - деген не әңгіме? Олар менің жеті туып, бір қалғаным ба екен? Мен жеңімпаз болғанын қалаған ақындар шын мәнінде әдебиеттің адамдары.
- Сіз кімнің жүлдегер болуы үшін қазылармен келіспедіңіз сонда?

- Мен қазылармен сөзге келген жоқпын, біріншіден. Өз пікірімді айттым да,  бас тарттым да, кеттім. Бірнеше ақын бәйгеден тысқары қалды. Саян Есжан, Тоқсанбай Мерген, Абаилдаев Табиғат деген жігіттер жүлдеге ілігуі керек еді. Оларды Маралтайдың адамы дейтіндей емес. «Балтабек Нұрғалиға бас жүлдені менің ұсынысыммен бердік», - депті Серік ағамыз.  Балтабек басқалармен салыстырғанда салыстырмалы түрде жетті жүлдеге. Өйткені қатысушылардың бәрі деңгейлес.  Сондықтан да бәріміз бір шешімге келіп, бас жүлдені Балтабекке ұстаттық.
- Бұл жолғы «Шабытта» жарқырап көрінген ақын кім сіздіңше?
- Жүлделі орын алғандардан Балтабек бас жүлдеге әбден лайықты. Қарлыға Темірғали - болашағы бар қыз. Басынан бақ тайып кетпесе, қазақтың жақсы ақыны болады. Жүлдеге ілікпей қалғандардан Табиғат Абаилдаевтан үміт күтемін.  Нұржан Қадырәлі де жүлдеден шет қалды. Оның образды ойлауы, өлшемі, қадымы, адымы үлкен нәрселерді көзге елестетеді. Нұржанның қазақтың үлкен ақынының біріне айналатынына сенімдімін. Жаңа мен айтқан Саян мен Мерген де мықты ақындар. Қарағандыдан келген Қуаныш деген жігіт те жүлденің маңайынан алыс қалды. Мені сол азаматтардың жолы кесілгені алаңдатты. Бәрін таластырып-таластырмай, жүлде қорын көбейту керек. Бір бәйге бірнеше ақынға берілсе қандай жақсы, мысалы. 93 үміткерге айналдырған 6 жүлде жұғын бола ма? Бізге «Шабыттың» шарттарын қайта қарау керек шығар. Қазылықтан кетіп қалғаныма ешкімді кінәламаймын. Мені жақсы ақындардың жолы кесілгені қынжылтты.
- Ендігі «Шабытта» қазылар алқасынан сізді көреміз бе, әлде үзілді-кесілді қазылықтан бас тарттыңыз ба?
- Ол бір Алланың қалауы ғой. Егер «Шабыт» фестивалі менің төрелігімді қажетсініп тұрса, баруға болады. Қажетсінбесе ренжімеймін. Сөз патшасына қиянатымыз өтпеуі тиіс. Поэзияның айналасын кірлетпеуіміз керек. Серік Ақсұңқарұлы менімен келіспеді деп ешкімді кінәламаймын.  Өз пікірімді ұстандым, ешкімге өкпем жоқ.
Сұхбаттасқан - Қарлыға ИБРАГИМОВА

"Халық сөзі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502