Оңтүстік Корея болашақтың суперқаласын салмақ
Болашақтың суперқаласы Оңтүстік Кореядағы Инчхон портты қалада салынбақ. Оны жасаушылар әлемдегі ең ірі туристік жобаны жүзеге асыруға ниеттеніп, Лас-Вегас пен Макаоны шаң қаптырмақ, деп хабарлады Лента.ру.
Оның құны 300 млрд. долларға жуық қаржыны құрайды. Әзірге жобаның шарты атауы - 8City. «Туризм қаласының» аумағы 80 шаршы шақырымға жуықтайтын болады. Салыстыратын болмақ, қытайлық Макаоның аумағы - 28 шаршы шақырым. Жобаны жергілікті және шетелдік инвесторлар қаржыландырады. Олардың бірқатарының атауы да белгілі болды - «люкс» қонақүйлер операторы Kempinski AG, Korean Air Lines Co авиакомпаниясы және Daewoo Engineering & Construction Co құрылыс компаниясы.
Ойын-сауық астанасының құрылысы 2013 жылы басталмақ. 2030 жылға дейін сауда орталықтары, ойынханалар, қонақүйлер, яхта тұрақтары, «Формула 1» үшін жарыс жолы, аквапарк, 50 мың орындық концерт залы және басқа да ойын-сауық орындары мен туристердің демалатын нысандары салынатын болады.
Жобаланған ойын-сауық кешендері оны Оңтүстік Кореяның ғана емес, Қытай мен Жапонияның да, ал бара-бара бүкіл әлемнің туризм астанасына айналдырмақ. Әсіресе, Қытай туристерін тартуға күш салынатын болады, жоба атауына 8 санының қосылуы да бекер емес, қытайлардың ырымы бойынша бұл сан сәттілік әкелетін көрінеді. Ойынхана-қаласы сегіздік түрінде салынбақ.

Бастапқы кезде жылына 130 млн.турист тарту жоспарлануда. Бұл өршіл идеяның қалай жүзеге асатынын уақыт көрсетеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат