Алматыда мұғалімдер жалақысына 100% үстемақы қосылады
Алматыда біліктілік деңгейін растайтын сертификатқа қол жеткізген оқытушылардың жалақысына біліктілік деңгейі бойынша 30%,70%, 100% үстемақы төленеді.
Бұл туралы "Өрлеу" ғылыми-тәжірибелік орталығы АҚ-ның филиалы Алматы қаласы педагогтарының біліктілігін арттыру институтының директоры Раушан Ахмедова мәлім етті. Бүгінде Алматыда 199 мұғалімнен тұратын топ жаңа технология бойынша біліктілігін арттыруды бастап кетті.
"Назарбаевтың зияткерлік мектебі" жанындағы педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің мамандары әзірлеген жаңа бағдарлама ұстаздардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жақсы жұмыс істеуге ұмтылдырып, ынталарын арттырып отыр. Егер де, әлемдік тәжірибеге сүйенсек, білім сапасы оны қаржыландыру мен реформалауға ғана емес, ол ең алдымен әр мұғалімнің білім беру шеберлігіне тікелей байланысты. Біліктілікті жетілдіру институтының негізгі міндеті - уақыт талабына сәйкес жаңа форматтағы білім беру үлгісімен мұғалімдерді оқыту болып табылады", - деді Раушан Ахмедова.

Оның айтуынша, аталмыш бағдарлама бойынша оқытудың 3 деңгейлі базасын игеру ұсынылады. Мүғалімдер сабақ өтудің "бетпе-бет" үлгісі бойынша екі ай өндірістен қол үзіп оқыса, тағы бір ай он-лайн тәртібінде қашықтықтан оқытылады. Сондай-ақ, Алматы қаласы педагогтарының біліктілігін арттыру институтының директоры сөз еткендей, сынақты ойдағыдай тапсырып, біліктілік деңгейін растайтын сертификатқа қол жеткізген оқытушылардың жалақысына біліктілік деңгейі бойынша 30%,70%, 100% үстеме ақысы төленеді.
Біліктілікті арттыру жүйесінде жаңа форматта оқыту мен жалақыға қосымша үстемақы төлеу мүмкіндігін байланыстыру Қазақстанда тұңғыш рет жүзеге асырылуда. Алматы қаласы бойынша біліктілікті арттыру институты 5 жылда қаладағы 180 мектептің 4500 мұғалімін қайта даярлықтан өткізбек.
Дереккөз: nur.kz