Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3474 0 пікір 27 Шілде, 2009 сағат 02:55

Дәурен Қуат. БАНДЫ ЖАЙЛАҒАН БІШКЕК

Бүгін Қырғызстанда болып өткен Президент сайлауының қортындысы жарияланады. Алдын ала белгілі болған мәліметтерге сүйенсек, қырғыз елінің қазіргі президенті Құрманбек Бакиев 82,62 пайыз дауыс жинап бәсекелестерін шаң қаптырып кеткен көрінеді. Оппозициялық күштердің үміткері Алмаз Атамбаев сайлаушылар дауысының 7,95 пайызын иеленіпті. Тағы бір талапкер Темір Сариевке сайлаушылар дауысының 3,09 пайызы бұйырғанға ұқсайды. Қалған үш үміткер электораттың бір пайызға жетпеген дауысын қанағат тұтыпты. Кешеге дейін 2282 участоктен сайлау нәтижесінің  жалпы жиынтығы жетіп үлгерді.

Өзінің қайта сайланғанына бек сенімді Құрманбек Бакиев баспасөз өкілдерімен кездесулерінің барысында елде білім реформасын жүргізетінін жария етті. Сондай-ақ ол облыстарды ірілендіріп, аудандардың санын көбейтетін, бір бірінің қызметін қайталап жататын биліктегі лауазымды орындарды біріктіріп, оңтайландыратынын да айтты.

Бүгін Қырғызстанда болып өткен Президент сайлауының қортындысы жарияланады. Алдын ала белгілі болған мәліметтерге сүйенсек, қырғыз елінің қазіргі президенті Құрманбек Бакиев 82,62 пайыз дауыс жинап бәсекелестерін шаң қаптырып кеткен көрінеді. Оппозициялық күштердің үміткері Алмаз Атамбаев сайлаушылар дауысының 7,95 пайызын иеленіпті. Тағы бір талапкер Темір Сариевке сайлаушылар дауысының 3,09 пайызы бұйырғанға ұқсайды. Қалған үш үміткер электораттың бір пайызға жетпеген дауысын қанағат тұтыпты. Кешеге дейін 2282 участоктен сайлау нәтижесінің  жалпы жиынтығы жетіп үлгерді.

Өзінің қайта сайланғанына бек сенімді Құрманбек Бакиев баспасөз өкілдерімен кездесулерінің барысында елде білім реформасын жүргізетінін жария етті. Сондай-ақ ол облыстарды ірілендіріп, аудандардың санын көбейтетін, бір бірінің қызметін қайталап жататын биліктегі лауазымды орындарды біріктіріп, оңтайландыратынын да айтты.

Бакиев Президент сайлауында жеңіске жеткеніне күмәнсіздігін аңғартып, алдағы шаруаның қамына кірісіп кеткенімен оның табанды қарсыласы Алмаз Атамбаев «сайлауды қайта өткізу керек» деп мәселе көтеруде. Халықаралық «Азаттық» радиосының Қырғызстандағы тілшілеріне сұхбат берген ол бүгін, яғни 27 шілде күні Мәскеуге ұшып шығатынын мәлімдеді. Атамбаев Мәскеуге барып Ресей президенті Медведевпен, премьер-министр Путинмен жолықпақ. Жолығып оларды  Қырғызстандағы Президент сайлауының нәтижесін  мойындамауға үгіттемек.

-         Бакиевтың осынша мол дауыс алуы мүмкін емес. Алдын ала жасалған болжамдар бойынша мен 60 пайыздан астам дауыс алуға тиіс едім. Сайлаудан соңда маған қоңырау шалып, «біз дауысымызды сізге бергенбіз» деушілер көп болды. Мен осы уақытқа дейін халықтың наразылығын басып, сайлаудың әділ өтетіндігін айтап келген едім. Халықты бұдан әрі ұстап тұру қиын. Сондықтан 29 шілде күні сағат оннан бастап бейбіт митинг өткізбекпіз. Мәскеуде Медведепен, Путинмен сөйлесіп сайлаудың заңсыздығын дәлелдеген соң елге оралып митингтің басқы шебінде өзім тұрамын, - дейді Атамбаев.

Өз елінде өткен сайлаудың заңсыздығын өзге елдің басшыларына барып дәлелдеу Атамбаевқа не үшін қажет болды екен? Бұл сұраққа тап басып жауап беру қиын. Алайда, ТМД елдерінің ішкі саясатына Мәскеудің әркез араласып, «ақыл айтып», «жол нұсқап», «үлкендік танытып» отыратынын ескерсек, Атамбаевтың алып ұшып Мәскуге аттануының сыры айқындала түседі. Оның үстіне қысқа күнде қырық құбылатын Бакиевке толық сенім артпағандықтан да Мәскеу сайлау алдында Алмаз мырзаны алқап, құлағына керек сөзін құйып қоюы да мүмкін.

Ел билігіне төңкеріс жолымен келген Бакиевке ресми Мәскеудің әуелден-ақ іш жия қарағанын білеміз. Себебі, 2004 жылдан бастап Мәскеудің ығытына көнбей «ырықтан» шыққан саясаткерлер саясат алаңын алқызыл реңктерге толтырып билік басына келе бастаған еді. Расында, Құрманбек Бакиевте - Саакашвили, Ющенколар сияқты ТМД басшыларына беймағұлым тұлғалардың бірі. Бірақ, соңғы екеуіне қарағанда Бакиев Мәскеуге біртабан жақын адам болып шықты. Әйелі орыс. Сонысымен бірге ол ТМД-ның ішікі тәртібін қадағалап, ойын ережесін белгілеп отыратын Назарбаев секілді азулы саясаткерлердің ығына тез көне қалды.  ТМД президенттері әредік кездесіп тұратын саммиттерге де тұрақты қатысып, белсенділік таныта білді. ТМД елдерінің ішінара құрылған ұйымдарға да мүше болудан бас тартқан жоқ. Ағымдағы жылдың ақпан айында Манас әуежайынан АҚШ-тың әскери базасын кетіріп Мәскеуге тіпті жаға түсті. Бұл шешімін Бакиев басқа жерде емес, тура Мәскеуде жария етті. Сөйтіп ресейшілдік бағыт ұстанғанын байқтақан Бакиев аяқастынан бұлт етіп «Манас» әуежайын АҚШ-қа азық-түлік және әскери жабдықтар тасымалдайтын нысан ретінде қайтадан жалға беріп кеп жіберді. Ел парламентімен ымыраласып осындай қадам жасағаны үшін ол маусымның 11 күні АҚШ президенті Барак Обамадан ризашылыққа толы хат алды. «Ауғаныстандағы ахуалды тұрақтандыруға үлес қосу ниетін танытып, «Манас» әуежайын жүк тасымалдайтын нысан ретінде  жалға бергеніңізді зор ықыласпен құптаймын» деп жазады Обама Бакиевке арнаған хатында. Хаттың мазмұнын баспасөз өкілдеріне  Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қадырбек Сарыбаевтың мағлұм еткені есімізде. Ақаевтың тұсында АҚШ әскери базаның жалдық ақысы есебінде 14 миллион доллар төлесе, Бакиев оны 60 миллионға жеткізді. Бакиев Парламент депутаттарының келісімін аларда жалдық соманың көлемін бұдан да өсіріп айтса керек, өйткені Қуанышбек Қадыров, Бейшенбек Акунов бастаған халық қалаулылары дау шығарып базаның жалдық құны бір жылға 200 миллион болуға  тиіс еді дейді.

Мәскеуге барып тұрып «Манастан» АҚШ әскерилерін шығаратынын жария еткен Бакиев Ресейден 300 миллион доллар көлемінде несие, 150 миллион грант  және Қамбар-Ата ГЭС-інің құрылысына  1миллиард 700 миллион доллар инвестиция тартуға уағдаласып оралған. Таяуда «Манас» әуежайын жалға алып Ресейдің әскери күштері де беки бастады. Шамасы Бакиев бұдан былайда  «Манас» әуежайын АҚШ пен Ресейдің арасындағы ойынның көзірі етіп ұстап отыратын болар. Себебі, «Манастың» халықаралық саясаттағы маңызы артып барады.

Шілде айының 31-інде Шолпан Атада ТМД басшыларының кезекті жиыны өтеді деп күтілуде. Ал тамыздың 1 күні Бакиев алпыс жасқа толады. Демек, саммитың соңы мерейтой мен бейресми инаугурацияға айналары даусыз. Неге десеңіз, Қырғызстандағы сайлаудың қортындысы шықпай жатып Орта Азия мемлекеттерінің президенттері Бакиевты жеңісімен құттықтап жіберді.

-         Өздеріңізге мәлім, перзиденттік қызметімнің алғашқы мерзімі күреспен өтті. Бәрін басынан бастауыма тура келді, - дейді Құрманбек Бакиев жеңісіне кәміл сенген көңілмен желпініп тұрып. Бакеивтың көңілі өсіп, көл-дария болып жүргенін Қырғызстандаға «Азаттық» радиосының тілшілері еш әсерлеусіз жеткізіп жатыр.

Алғашқы мерзімін күреспен өткізген президент Бакиевтың елінде соңғы жылдары қуғын-сүргіннің көбейіп, кісі өлімінің жилеп кеткені жөнінде халықаралық ұйымдар дабыл қағуда. Дерктерге тоқталып өтейік.

Жақында Қырғызстан Президенті әкімшілігінің бұрынғы жеткешісі, елдегі аса беделді тұлғалардың бірі, көзінің тірісінде «сұр кардинал» атанған Медет Садырқұлов жол-көлік апатынан қаза тапты. Апатқа Бакиевтың туысқан інілерінің  қатысы бар деп жазған журналист шетелге бас сауғалап кетті.

Бұрынғы премьер-министр Алмаз Атамбаев кабинетінде отырып уланып қалды.

Бұрынғы Бас прокуор Әзімбек Бекназаров оппозициямен байланысы бар деген күдікке ұшырап қызметінен қуылды.

2005 жылы қазан айында айыбын қатаң жазалау абақтысында өтеп жүрген бұрынғы депутат Тынышбек Ақтамбаев қаза тапты.

2006 жылы 10 мамырда қылмыс әлемінің жырындысы, кейіннен ықпалды  оппозиционерге айналған Тынышбектің бауыры  Рыспек Ақтамбаев кісі қолынан қаза тапты.

Қарасу базарының директоры Абдәлім Жүнісовты арнайы жасақталған қарулы топ атып кетті.

Халық төңкерісінің белсендісі, депутат Баямен Еркінбаев пен Жырғалбек Сұрапалдиев қасақана өлтірілді.

2006 жылы  қараша айындағы бір кеште Ош қалалық кеңесінің депутаты Айбек Әлімжанов көкжелкесінен тиген оқтан көз жұмды.

Ішкі істер министрлігінің полковнигі Уран Әлиев қызмет бабымен жүріп оққа ұшты.

2007 жылы сәуір айында Нарын ауданының жерінен саяси жүйеге наразылығын аштық жариялап білдірген Бектемір Акуновтың мүрдесі табылды.

Ош қаласында белгілі журналист Әлішер Сайыпов ажал құшты.

Міне, осындай келеңсіз жайттардың тізбегене көз тіге қарасаң бүгінгі қырғыз жұртын, Астанаға ең жақын көрші елдің ресми орталығы Бішкекті банды жайлап бара жатқанға ұқсайды. Айыр қалпақты ағайынның арасындағы билікке деген берексіз талас пен әлеуметтік ахуалдың ушығуы бізді де толғандырса керек. Абай болайық.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333