Челахтың сотын кәсіби сот қарайды; процесс ашық өтеді
Шекарашы Владислав Челахтың сот ісін кәсіби сот қарайды; процесс ашық өтеді, деп хабарлады бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.
«Процесс тараптардың тең құқығын, пікір таластығын, істі барлық жағынан қарау қағидасын сақтай отырып, мейлінше ашық өтеді. Барлық мүдделі тұлғалар сотқа қатысуына болады», - деді ол дүйсенбі күнгі брифингте.
Оның айтуынша, сот отырысы В. Челахтың өтінішімен алқа билерінің қатысуынсыз өтеді.
Бұрын хабарланғандай, 30 мамырда «Арқанкерген» шекара бекетінің өртенген ғимараты табылған. Сол жерден 13 адамның өртенген мәйіттері табылды. Кейін тағы бір шекарашының жансыз денесі табылды. Бұдан басқа, шекара бекетіне жақын жерден қорықшының денесі табылды.
Тірі қалған шекарашы Владислав Челах қызметтестерін өлтіргенін мойындады. Оған ҚР ҚК 96 б. 2 б. «а» тармағы бойынша айып тағылды. Тергеу болжамына сәйкес, қылмыс жасауға ішкі қақтығыстар итермелеген.
«Арқанкерген» шекара заставасындағы оқиғаларға байланысты ҰҚК төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры, генерал-майор Нұржан Мырзалиев 13 маусымда өзін атқарып отырған қызметтен босату туралы рапорт жазды.
2 тамызда шекара әскерлерінің әскери қызметкерінің үстінен ұрлық жасағаны, мүлікті бүлдіргені үшін 10 шақты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

«Арқанкергенде» қаза болған үш шекарашының мәйіттеріне экспертиза Германияда жүргізілді. 27 қырқүйекте бас әскери прокуратура Германияда жүргізілген геномдық экспертизаның нәтижесі бойынша шекарашы Рүстем Ақылбаевтың ғана сүйектері анықталғанын, қалған екі шекарашыны идентификациялау мүмкін болмағанын хабарлады.
1 қазанда В.Челахқа қылмыстық кодекстің сегіз бабы бойынша айып тағылды: 2 және одан көп кісіні өлтіру, «құпия» грифі бар құжаттардыұрлау, жымқыру, қару-жарақты ұрлау және заңсыз сақтау, әскери мүлікті бүлдіру, тұрғын үйдің қолсұғылмаушылығын бұзу және дезертирлік.
2 қазанда Қазақстанның бас прокуратурасы шекарашы В. Челахтың ісі бойынша тергеудің аяқталғанын хабарлады.
11 қазанда В. Челах өз-өзіне қол салмақ болды, алайда оны аман алып қалды. 18 қазанда ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов суицид әрекетіне жол бермеу мақсатында В. Челахқа бақылау күшейтілгенін айтты.
В.Челахпен оның адвокаттары іс материалдарымен 26 қазанда танысып бітті. Бас әскери прокуратура хабарлағандай, 2012 жылдың 31 қазанында қылмыстық іс сот қарауына жолданды. Сот ашық режимде өтеді.
Дереккөз: ҚазТАГ