Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2085 0 пікір 13 Қараша, 2012 сағат 11:03

Шошқаның иісінен мезі болған тұрғындар министрге шағымданды

Шымкент қаласындағы Түркістан және Достаевский көшелерінің тұрғындары ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің блогына шошқаның иісінен мезі болғанын айтып шағымданып отыр. Ал министр болса аталмыш көшеден аймақтық инспекцияға бұндай шағым түспегенін айтады.

Шымкент қаласындағы Түркістан және Достаевский көшелерінің тұрғындары ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің блогына шошқаның иісінен мезі болғанын айтып шағымданып отыр. Ал министр болса аталмыш көшеден аймақтық инспекцияға бұндай шағым түспегенін айтады.

"Бiз, Шымкент қaлaсы, Достоевский және Түркiстaн көшелерiнiң тұрғындaры Түркiстaн көшесіндегі көршiмiздiң шошқaлaр, тaуықтaр, иттер ұстaуынaн әбден зaрдaп шектiк. Aулaмыздa мүлде отырa aлмaйтын хaлдемiз, тaзa aуaны ұмыттық десек те болaды. Шошқaның иiсi aйнaлaның бәрiн aлып тұр. Соның себебiнен, шыбындaр қaптaп кеттi, егеуқұйрықтaр, тaрaқaндaр көптеп пaйдa болды. Өзiмiздiң, бaлaлaрымыздың денсaулығынa aлaңдaймыз. Ыстық күндерi есiк-терезелерiмiздi жaуып отырaмыз, сол себептен егде aдaмдaрдың қaн қысымы aртты. Қaлaлық ветеренaрия бөлiмiне көршiлер болып жaзғaн aрызымызға шошқa иелерiне ветеренaрия тaрaпынaн тек кеңес берумен шектелдi. Өзiмiздiң көршi ретiнде бaрып aйтқaнымызғa бaлaғaттaп қaйтaрып жiбередi. Қaлaдa шошқa сынды жaнуaрлaрды ұстaу көршiлердiң келiсiмiмен болaтыны турaлы қaулы бaр мa? Жaлпы сaнитaрлық нормaлaры қандай? СЭС бұл мәселе олардың құзырында емес деп, сіздерге бұрды» - деп жазған екен тұрғындар. Бұл хатқа министр былайша жауап берген: «Хатта көрсетілген мәселелер бойынша ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Шымкент қалалық аумақтық инспекциясына Шымкент қаласы Достоевский және Түркістан көшелерінің тұрғындарынан арыз шағым түспеген. Қала аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау ережесін дайындап бекіту үшін, Шымкент қаласының әкіміне Қ. Молдасейтовке 2012 жылдың 9 тамызында № 02-02/247 хат жолданған болатын»

Дереккөз: BAQ.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467