Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
1923 1 пікір 15 Маусым, 2022 сағат 15:43

Қошанов: Балаларым қарапайым мектепте оқыды

Отбасы қайда тұрып жатқаны жайында әр депутат өзі жауап беруі керек. Бұл пікірді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер Е.Қошановтан бұрынғы депутат және қазіргі Ғылым министрі Саясат Нұрбектің отбасы шетелде тұрып жатқаны қаншалықты этикаға сай келетінін сұрады.

«Менің ойымша, кеше Саясат Нұрбек өзінің отбасы не себепті шетелде екенін түсіндірген сияқты. Екіншіден, ол төрт ай бұрын ғана депутат ретінде келді. Оған дейін С.Нұрбек депутат болмаған еді. Яғни салық төлеушілер есебінен бюджеттен жалақы алмады. Сондықтан бұл оның таңдауы болды», - деді Мәжіліс төрағасы.

Осы орайда ол қандай да бір тексеру болмайтынын айтты.

«Әр депутат сіздердің, халықтың алдында балалары қайда оқып жатқаны, отбасы қайда тұрып жатқаны жайында өзі жауап беруі керек. Мен өзіме қатысты жауап бере аламын, менің балаларым қарапайым мектепте білім алды», - деді Е.Қошанов.

Сонымен қатар ол Мәжілісте этика комиссиясы бар екенін, депутаттарға қатысты мәселе онда қаралмағанын айтты. Жақында Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалған Саясат Нұрбек балаларын неге шетелде оқытқанын түсіндірді.

«Оның үш себебі бар, ең алдымен жұбайымның денсаулығында кінәрат бар, оған нақты медициналық ұсыным да бар. Екіншіден, балаларымды Қазақстандағы жеке мектептерде оқытуға қаражатым жетпеді, үшіншіден, Кипрде британдық форматтағы жақсы ағылшын мектебі болды. Бірақ уайымдамаңыздар, 26 маусым күні балаларым Қазақстанға ұшып келеді», - деп жауап берді министр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1555
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3351
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6226