Сенбі, 21 Қыркүйек 2024
46 - сөз 2617 3 пікір 17 Маусым, 2022 сағат 15:01

Біздің билік Жұмекенді білмейді-ау!

«Туған жерім менің Қазақстаным»

Ән ұран болмай тұрап-ақ, ұран ән болған құбылыс сипатты өлең. Бұл бір шумақ өлең бодан уақытта бостандық аңсатып, ұлтты ұйытып тұрды.

Сөздің шынына көшсек «Туған жерім менің Қазақстаным» деген сөзді айтқан жалғыз ақын ол Жұмекен ғана. Мен деген еш бір қазақ ақыны тұтас Қазақстанды «туған жерім менің» деп айта алған жоқ. Ондай ойға жете алмады. Кешегі кіріптар шақтың өзінде кеудесіне қолын қойып тұрып, әр қазақ айтқан сөз ғой бұл.

Туған жерін жырламаған ақын жоқ. Тұтас ұлттық территорияны туған жерім деген ақын жалғыз Жұмекен. Бұл ой, бұл сөз бір өлеңде ғана емес, Жұмекен жырларында жиі кезігеді.

Шәмшінің әуендері өзі бір әлем екені анық. Ол – қаншама өлеңді өрге шығарды, қаншама ақынды төрге шығарды, оған дау бар ма?! Сөз бен әуеннің үйлесімі әнде жарыса шарықтап сана биігіне самғап кетіп жатады. Кейбірінде өлең, қай бірінде әуен көтереді. Тап осы туындыда өлең озып тұрғаны сөзсіз. Бір ғана актавадан аспайтын минор танальнстағы марш екпінді әуенді әуеге көтеріп тұрған да жыр құдіреті, азаттық аңсаған, қан тасытар рух құдіреті.

Бұл әңгіменің бұлайша айтылуына Шәмші ағамыздың рухына «Еңбек ері» атағы берілуі себеп болды. Шәмшіге атақ бергені емес, Жұмекенді одан бөліп тастағаны себеп болды.

 

Алмас Ахметбекұлы

Abai.kz

3 пікір