Қырымды алғандай Девянишкес аймағын алады
Девянишкес деген жер бар. Литваның “аппендиксы” деп аталады. Негізгі Литвада шығып Беларус мемлекетіне кіріп тұрған аймақ. Девянишкес аймағы үш жақтан Беларус мемлекетімен шектеседі, Литваға өтетін тар жол ғана бар (ені 2 км). Оның үстіне сол аймақ Литваның астанасы Вильнюс облысына кіреді.
Қазір кейбір деректер бойынша, Беларус әскерилері Литва шекарасында окоп қазып, техникасын тасып, әйтеуір бір жыбыр ұйымдастырып жатқан сияқты. Басты жыбырлау сол Девянишкес аймағында болатыны түсінікті, себебі тар коридорды кесіп тастаса, Қырымды алғандай Девянишкес аймағы қолға түседі.
Ең қызығы Девянишкестың жергілікті халқы 80% поляктар. Литвалықтар мүлде тұрмайды деуге болады. Әрине Литва НАТО мүшесі, бірақ соғыс қимылдары бола қалса, бірінші қансырайтын осы Девянишкес болады. Беларустар бұл жерді “Девянушки” дейді екен …
Самат Нұртаза
Abai.kz