Сенбі, 23 Қараша 2024
3812 3 пікір 7 Шілде, 2022 сағат 14:15

Заңсыз жүрген шетелдіктер елден шығарылды

27 маусым мен 4 шілде аралығында Нұр-Сұлтанда полицейлер адам көп жиналатын нысандарды: қонақүйлер, жатақханалар, құрылыс орындарын тексеріп, заңсыз жүрген мигранттарды анықтады. Сондай-ақ көші-қон заңын бұзған қазақстандық азаматтарды жауапкершілікке тартты.

«Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Қазақстанда болу ережесін бұзғаны үшін 1358 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 98 шетел азаматы елден шығарылды. Соның ішінде 8 шетелдікті соттың шешімімен елден шығаруға тура келді. Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 340 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 275 азамат шақырылған шетелдіктердің белгіленген келу қағидаларын бұзған, ал 65 адам шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады полиция департаменті.

Сонымен қатар, елорданың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шешімімен 49 шетелдік азамат елден шығарылған.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364