Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн-ға жетуі мүмкін
Дүниежүзілік банктің анықтауынша, жақын арада елдегі кедейлер саны 1,5 млн-ға жетуі мүмкін, деп жазды ulysmedia.kz порталы.
Ресми дерек бойынша елде 1 млнға жуық адам кедей. Олардың отбасындағы айлық табысын жан басына шаққанда күнкөріс деңгейінен төмен көрсеткішті көрсетеді. Яғни айына 38 мың теңгеден аз. Егер, адам басына 70 мың теңгеден тиетін болса, онда ол отбасының жағдайы жаман емес деп қарастырылады екен.
Кейбір экономист пен саясаткерлер шынайы кедейлік көрсеткіші бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді. Нақты санды айту билікке тиімсіз. Себебі, ел неғұрлым кедей болса, әлеуметтік шығындарды көбейту қажеттілігі туындайды. Сонымен бірге «дамыған 30 елдің ішіне кіреміз» деген билік мақсаты күл-талқан болып, елдің беделіне теріс әсер етеді.
Abai.kz