Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4336 19 пікір 7 Шілде, 2022 сағат 15:07

Бірінші президенттің еңбегі өте зор

Тарихтан хабары бар адамдар біледі, жүздеген жылдық тарих үшін ел басқарған адамның тұсындағы жемқорлық ештеңе емес. Мысалы небары 100 жылдан кейін бірінші президенттің тұсындағы 30 жылдық жемқорлық, оның ағайындары тарихта маңызды нәрсе ретінде қалады деп ойласаңыздар қателесесіздер. Ойлап қараңызшы, Қазақ Елінің құрылғанына 557 жыл, 30 жыл деген не оның қасында?

Тарихта не қалады?

“1. 19 ғасырда ресей империясының бодандығына толықтай өткен Қазақстан 1991 жылы Кеңес Одағының тарауының арқасында тәуелсіздік алды.

2. Бірінші президент Н. Назарбаев елді 1991-2019 жылдары басқарды.

3. Бұл аралықта жаңа мемлекетте өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру, бүкіл мемлекеттік органдардың жұмысын қайта құру, экономиканы толықтай қайта құру, халықаралық аренаға дербес Қазақстан деген елді шығару, дипломатиялық байланыстар орнату бойынша орасан зор жұмыстар атқарылды. Халықаралық жағдайдың қиындығына қарамай, бұл аралықта барлық елдермен достық қарым- қатынас орнатылды. Қазақ студенттерінің озық елдердің жоғары оқу орындарында тегін оқуына мүмкіндік беретін программа жұмыс жасады. Көрші елдермен ресми шекара келісіліп, құжат арқылы бекітілді. Ол заман үшін бұл орасан зор жетістік еді. Ықпалы зор көрші ресейдің қарсылығына қарамастан латын әрпіне көшу процесі басталды

4. Жоғарыда айтылғандармен бірге, бұл аралықта елде жемқорлық, көптеген экономикалық жобалардың іске аспауы сияқты айтарлықтай кемшіліктер де орын алды”

Меніңше осыдан 100 жылдан кейін мектеп баласы тарих сабағында шамамен осындай жолдарды оқитын болады.

Менің ойымша жаңа мемлекетті құру бойынша бірінші президенттің еңбегі өте зор.

Арман Рахмет

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1467
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387