Жұма, 11 Қазан 2024
4434 1 пікір 7 Шілде, 2022 сағат 16:09

Көлгіновтің балалары қайда оқиды?

Нұр-Сұлтан қаласының  әкімі Алтай Көлгінов Асхат Ниязовқа берген сұхбатында балаларының қымбат мектепте оқымайтынын айтты. Сұхбат chinovnik_kz Telegram-арнасында жарияланды.

"Мен мұны жоққа шығарамын. Ол сюжетті көрдім. Бірақ тексерілмеген ақпаратты БАҚ-та жариялауға болмайды. Менің балаларым ақысы 7 млн теңге тұратын мектепте оқымайды. Балаларым басқалар сияқты қалалық мектеп-лицейге барады. Үлкен қызым грантта, ал екінші ұлым ақылы бөлімде оқиды. Қалған балаларым балабақшада. Бұл жерде жеке мен қызметті ажырата білу керек. Балаларым жеті миллион теңгелік мектепке бармайды. Менің жалақым ондай емес", - деді Көлгінов.

Айта кетейік, елорда әкімінің жалақысы 1 млн 900 мың теңге.

 

Abai.kz

1 пікір