Жұма, 11 Қазан 2024
2791 3 пікір 18 Шілде, 2022 сағат 13:17

Сатыбалды, Боранбаев ісі: 230 млрд шығын өтелді

Бас прокуратура ірі көлемде, оның ішінде шетелде ақшаны жылыстату белгілері бар атышулы істерді тергеуді ерекше бақылауға алды. Бұл «РОП» ЖШС операторының басшылары Қайрат Сатыбалдыұлына, Гүлмира Сатыбалдыға, Қайрат Боранбаевқа қатысты істер.

Тергеу органдары қабылдаған шаралармен, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан қайтару арқылы бүгінгі таңда 230 миллиард теңгеге жуық шығын өтелді, дейді Қазақстанның Бас прокуратурасы.

Мысалы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатқан іс бойынша айыпталушылар Люксембургтен 170 миллион доллардан астам қаражатты өз еркімен қайтарған.

«Қазақтелеком» АҚ, «Көлікке қызмет көрсету орталығы» АҚ мүлкін ұрлау істері бойынша тергеу органы 36 млрд теңгеге жуық шығынды өтеп берді. Боранбаевқа қатысты істі тергеу барысында Қаржы мониторингі агенттігі «ҚазМұнайГаз» АҚ 11,3 млрд теңгеге жуық шығынды өтеп берді.

Abai.kz

 

3 пікір