Сенбі, 23 Қараша 2024
Дей салдым-ау 4268 11 пікір 19 Шілде, 2022 сағат 15:58

Деколонизация: Ресей өз ішінен ыдырай ма?

АҚШ-тың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Комиссиясы (Хелсинки комиссиясы) «Ресей деколонизациясы. Моральдық және стратегиялық императив» атты ғалымдар мен сарапшыларды жинап, талқы өткізді.

Бұл жиында болашақта Ресейдегі автономды мемлекеттердің тәуелсіздік алып, Ресей империясының ыдырауы туралы айтылған және дайын картасы көрсетілді.

«Ресейдің Сирияға, Ливияға, Грузия мен Шешенстанға жасаған басқыншылық соғысы және қазіргі Украинаға салған ылаңы бүкіл әлемге Ресей Федерациясының қатігез империялық сипатын көрсетіп отыр», - деді сарапшылар.

Комиссияға қатысушылардың айтуынша, Ресей өз ішіндегі көптеген славян емес ұлттарға үстемдік орнатып, олардың өзіне тән ұлттық ерекшелігін сақтауға жол бермей, аяусыз жаныштап отыр.

«Қазіргі уақытта Еуропа қауіпсіздігі мен тұрақтылығының саналы мүшесі болуы үшін Ресейді «деколонизациялау» қажет пе, әлде Ресей империализімімен санасу керек пе деген даулы пікірталастар жүріп жатыр. Кеңестік жүйенің мұрагері Ресей өзінің бодандау жоспарын анти-империалистік және анти-капиталистік терминдермен жасырғансып отыр. Жиі қолданатын қатыгез, империялық тенденцияларына байланысты Ресей өзіне әлі де нақты назар аударта алмады», - деп есептейді Хелсинки комиссияның отырысына қатысушылар.

Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары: «Бұл АҚШ-тың Ресейді ыдыратып, жерінің қазба байлығын тартып алып, басқарып отырғысы келетін пасық ойы», - деп бағалады.

Ақпарат бере кетейік, ЕҚЫҰ-ға Солтүстік Америка, Еуропа және Азиядан 57 мемлекет мүше. Қазақстан ұйымға 1992 жылғы 30 қаңтарда мүшелікке өткен. Ал, 2010 жылы ТМД елдері арасында бірінші болып төрағалық қызметін атқарды.  Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым, қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын әлемдегі ең ірі өңірлік ұйым болып табылады.

ЕҚЫҰ қауіпсіздіктің кең ауқымды мәселелері бойынша саяси диалогқа арналған форум және қоғамдастықтардың өмірін жақсарту жөніндегі бірлескен қызмет үшін платформа қызметін атқарады. Ұйым әскери-саяси, экономикалық-экологиялық, құқық саласында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458