Әбілқайыр мен Әбілмәмбет
Бұл мақаланы жазуға тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Мұқтардың «Әбілмәмбет хан» туралы «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылдың 15 қарашадағы санында дүниесі себепші болды.
Жоғарыдағы мақалада Абылай ханның, Әбілқайыр хан мен Әбілмәмбет хандардың ауыздарынан «жүз» - деген сөз шығады. Аталған аталарымыз ол сөзді естімей кеткен. Өйткені, ол хандардың тұсында «жүз» деген сөз болған жоқ. Мен сол заманға қатысты мыңдаған хаттарды қолмен көшірдім, жүздеген хаттардың көшірмесін алдым. Бірде-бір хатта «жүз» деген сөз кездескен жоқ.
Автордың Әбілмәмбет ханның тарихтан алатын орнын ерекше дәріптеп Әбілқайырдан кейінгі бас хан болды деуі ешбір қисынға жатпайды. Әбілмәмбет ханның өте ақылды, салмақты, менмендігі жоқ, адам баласына жақсылық әкелсем деп тұратын жүрегі таза әрі ақкөңіл азамат екендігін архив материалдарынан аңғару қиын емес. Ол Абылай сұлтанды жақын інім деп есептеп онымен санасқан, Орта Ордадағы хандықты басқаруды сеніп тапсырған. Абылай да оның сенімін ақтады. Ресей канцлері, губернаторлар Абылайды Әбілмәмбет ханға қарсы қоюға тырысты. «Абылайды хан етіп сайлаймыз», - деді. Абылай сұлтан ешбір сөзге ермей, олардың ұсыныстарынан бас тартты, Әбілмәмбет ханға есеп беріп, қиын мәселелерде ақылдасып барып шешім қабылдап отырды. Өйткені, ол заңды ханды аттап өтпеді.
Бұл мақаланы жазуға тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Мұқтардың «Әбілмәмбет хан» туралы «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылдың 15 қарашадағы санында дүниесі себепші болды.
Жоғарыдағы мақалада Абылай ханның, Әбілқайыр хан мен Әбілмәмбет хандардың ауыздарынан «жүз» - деген сөз шығады. Аталған аталарымыз ол сөзді естімей кеткен. Өйткені, ол хандардың тұсында «жүз» деген сөз болған жоқ. Мен сол заманға қатысты мыңдаған хаттарды қолмен көшірдім, жүздеген хаттардың көшірмесін алдым. Бірде-бір хатта «жүз» деген сөз кездескен жоқ.
Автордың Әбілмәмбет ханның тарихтан алатын орнын ерекше дәріптеп Әбілқайырдан кейінгі бас хан болды деуі ешбір қисынға жатпайды. Әбілмәмбет ханның өте ақылды, салмақты, менмендігі жоқ, адам баласына жақсылық әкелсем деп тұратын жүрегі таза әрі ақкөңіл азамат екендігін архив материалдарынан аңғару қиын емес. Ол Абылай сұлтанды жақын інім деп есептеп онымен санасқан, Орта Ордадағы хандықты басқаруды сеніп тапсырған. Абылай да оның сенімін ақтады. Ресей канцлері, губернаторлар Абылайды Әбілмәмбет ханға қарсы қоюға тырысты. «Абылайды хан етіп сайлаймыз», - деді. Абылай сұлтан ешбір сөзге ермей, олардың ұсыныстарынан бас тартты, Әбілмәмбет ханға есеп беріп, қиын мәселелерде ақылдасып барып шешім қабылдап отырды. Өйткені, ол заңды ханды аттап өтпеді.
Әбілмәмбетке мәселе шешілгеннен кейін хабарлап отырған. Әбілмәмбеттің өзі де қажет болғанда Абылайдан көмек сұраған, Абылайға: «Келіп кетші. Мына қарақалпақтар мен хиуалықтарды тәртіпке шақырып кетші», - деген де тілектері туралы хаттар бар. Олар бірінен бірі ақыл, көмек сұрауға арланған жоқ.
Қазақ халқының ғана емес түркі әлемінің мақтанышы, ақындардың дүлдүлі Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасында Абылай ханды былайша жырлады:
Алыстан орыс, Қытай - ауыр салмақ,
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ,
Артында ор, алдында - көр, жан-жағы жау.
Дағдарған алаш енді қайда бармақ?
Сол кезде елге қорған болған Абылай
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап,
Күндердің бір күнінде хан Абылай
Қалмаққа - (ойына алды) - ойран салмақ,
Ханынан: «Аттан» - деген сөз шыққан соң.
Ордаға батыр, билер келді аңдап.
Әбілмәмбет хан Қалдан Сереннің қол астында 1743-1757 жылға дейін Түркістан қаласында хан болды. Сол кезде Орта Орданың хандығы толығымен Абылай ханға көшті (Әбілмәмбеттің тілегіне сәйкес).
Жоңғардың ханы Қалдан Серен өлгеннен кейін оның күңнен туған ұлы Дорчжи хандықты зорлықпен басып алғанын тарихшылар біледі. Тарихшы Әбілсейіт Мұқтар да Даваци және Амурсана деген ұлдарының Абылайдың қол астына қашып келгенінен хабардар деп ойлаймын. Оларды қазақ жерінде қалдыру мәселесін шешу үшін Абылай асқан данышпандықпен Ұлытауда «съезд» ашқан. Ал мақалада осы жай туралы ештеңе айтылмайды. Сонда ол кімдермен айтысты, таласты, кімді жан тәнімен қорғады? Не үшін? «Даваци мен Амурсананы қалмақтарға қайтар» - деп қасарысып отырып алған Әбілмәмбет хан мен Малайсары би болатын. Бұл мәселеде Абылайды Бөгенбай батыр, Шақшақ Жәнібектің ұлы Дәуіт, Төле бидің қолдағанын мен «Абылай хан» атты кітабымның 13-томында жазған болатынмын.
Әбілқайыр ханның тарихтан алатын орнын мен «Президент және Халық» газетінің 2011 жылғы ақпан-наурыз айларындағы төрт санында, сондай-ақ, «Ана тілі», «Түркістан», газеттерінде «Алаш», «Дарабоз» журналдарында жазған едім. Кітаптарымда да келтірілген тың деректер аз емес.
Нақты деректерге жүгінейік. Атақты Төле би Әбілмәмбет хан Түркістанға хан болып сайланғанда әдейілеп барып құттықтап, ханға біраз ақыл айтқан еді. Сол ақылын орындауға Әбілмәмбет ханның батылы жетпеді. Ол туралы жоғарыда аталған архивте (1744 ж. 24 маусым, қор 122 тізім 1 іс 1) былай деген (107 бетінде). (Архивтегі жазбаға түзету жасалмаған. - Б.Н.).
«... 4. В бытность его Мансура тами, по приезде ихъ в другой месяц приезжалъ в Туркестан из Большой Орды знатнейший касаченинъ Тюля Би, который в Ташкенте больше хана владетъ почитается для свиданія с нимъ Абулмаметъ ханом, по приезде моему с нимъ Абулмаметъ наиболее в том, советовал его дабы они кайсаки от Российского государства не отставали, и против аного верно поступали, Чтобы не только им Средней и Меньшей Ордамъ въ пребываніи при Российской стороне, но и Большой бы Орде к переходу туда жъ свобода была объявлена, чтобы на Зенгорскихъ калмыкъ не надеялись, но больше опасались. Ибо де от нихъ добра не будетъ. От которых в случае утеснения и они Большой (стр 108) Орды кайсаки спасения себе более найтить не знаетъ какъ перекочевкою к Российской же стороне...»
Менің еңбектерімде Әбілқайыр ханның Әбілмәмбет ханмен Орта Орданың ханы болуды ойлап айтысқаны туралы өте көп құжаттар бар. Архивте 110 беттей екеуінің айтысы бар. Оны толық айтып жатудың қажеті жоқ. Әбілқайыр хан Әбілмәмбетті қорлап: «Сен хан бола алмайсың. Кет», - дегенге дейін барған.
Әбілмәмбет хан мен Барақ сұлтан Орынбордың генерал-губернаторы Неплюевке бармады. Біз сөз етіп отырған мақаланың авторы қолында архивтің құжаты болмағандықтан, Ресей империясына сенімсіздікпен қарауды негізгі себеп ретінде қарастырып, оларды «өлтірмекші болды» дейді.
Әбілқайыр хан Тәуекел және Тәуке хандардың тілегін орындап, Ресейдің қол астына одақтас ретінде кіру мақсатында Ресей императорына: «Мен күллі қазақ халқының ханымын» - деп хат жазды. Ол өзі Ресейдің елшісі Тевкелевке былайша мойындады (Архивке қалай жазылды солай беріп отырмын - Б.Н.): «...Объявляю якобы сущую свою правду ради чего один без согласия других пожелал быть в подданстве Всероссийскомъ. Первая притчина из древнихъ лет предки его и онъ Абылхайыр ханъ владели городами Ташкентъ, Туркестанъ, Сайрам принадлежащими деревнями и киргизами, казаками и учинили у него Абулхайыр хана войну с Хонтайшою многия годы. И не могъ с нимъ управится, принужденъ онъ был вышеозначенные города, оставя выехать къ кочевнымъ народамъ киргисъ-кайсакамъ. И потом многия годы имели с нимъ Хонтайшею войну и недовольствуя тем стали воевать и с Волжскими калмыками и Ордскими башкирцами и Бухарами и Хивой...»
Осылай Әбілқайыр хан Ресеймен одақтас болу үшін өтірік айтуға мәжбүр болған.
Ресейдің елшісі Тевкелев тағы да былай дейді (Ресей Империясы сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясат архиві, қор 122 тізім 1 іс 1): (хатта қалай жазылған солай жеткізіп отырмын - Б.Н.) «По неже киргисъ-кайсацкая Орда Государыни разделена на три части, а именно: Большая, Средняя, Малая Орда» (Әбілсейіт Мұқтар архивтегі «орда» деген сөзді «жүз» - деп көрсеткен. Бұл дұрыс емес. -Б.Н.).
Сауатты адамға түсінікті емес пе? Тайға таңба басқандай анық жазылған: «Әбілқайыр хан ешуақытта қазақ халқының бас ханы болған емес, тіпті болуы мүмкін де емес. Ол хан болуды сұрап отырған жоқ. Әбілқайыр хан «бүкіл қазақ әскерінің қолбасшысымын» деп өз арманын іске асырғысы келген.
Ресейдің қол астына одақтас болып кіруге сұранған кезде Әбілқайыр хан хатында және антында: «Қол астарыңызға 40 мың сарбазбен кіремін», деді. Күллі халықпен деген сөз жоқ. Ал ол Кіші Ордаға хан болған кезде Орта Ордада Сәмеке, Үлкен Ордада Жолбарыс хан болатын. Сонда ол қалайша күллі қазақ халқының бас ханы болмақ?
Әбілқайыр хан Кіші Орданың өзіне де толық хан бола алған жоқ. Батыр сұлтан бірнеше руды бөліп алып өзін хан сайлатты. (Ол Қайып ханның ұлы. Жол соныкі болатын - Б.Н.). Адай елі тіпті ешбір хандарды мойындаған жоқ. Үлкен Орданың шын иесі Төле бидің өзі 1723-1757 жылдарға дейін жоңғарлардың қол астында болды.
(1731 г. фонд 122 опись 1 дело 1 (Бұл хатпен ешкім таныспаған). Ресей императорының өзі: «И мы Великая Государыня нижайше Императорское Величество тебя киргисъ-кайсацкого Абулхайыр хана назначаем старшиной Киргисъ-кайсацкого войска». Міне, күллі Қазақ халқының ханын емес, әскер қолбасшысына тағайындаймыз деген сөз.
Абылай хан Әбілмәмбетті өте құрметтеді. Сол себепті Абылайды Ресей хан сайлаймыз дегенде одан бас тартқанын жоғарыда айттық. Оған менің кітабымдағы канцлердің хаты және Абылай ханның жауабы арқылы да көз жеткізуге болады. Тіпті, Әбілмәмбет өлгеннен кейін хандыққа оның ұлы Әбілфейізді ұсынған да Абылай емес пе?!
Бірақ халық іс жүзінде Абылайды 1738 жылдардан хан деп есептеді. Солай санасты. Оның айтқанын екі еткен жоқ, құрметтеді. Абылай хан туралы бұрынғы мақалаларымызда аз айтылған жоқ. Бұл арада оларды қайталаудың қажеті жоқ қой деп ойлаймын.
Мен кейбіреулердің Әбілқайыр хан мен Абылай ханды біріне-бірін қарсы қоюға тырысатындарын түсінбеймін. Әбілмәмбет хан мен Абылай хан ешуақытта бақталас болған емес. Барлық мәселені өзара ақылдасып шешіп отырған. Архивте Әбілмәмбеттің Қытай елшісіне берген жауабында: «Орта Ордаға байланысты мәселелерді Абылай сұлтанмен шешіңіздер», деп оларды Абылай ханға жіберген хаты бар. Жоғарыдағы сөздерімізге одан артық қандай дәлел керек.
Әбілсейіт Мұқтардың мақаласындағы тағы бір қисынсыз жайға назар аударғым келеді. Автор: «...1740 жылдың күзінде Ералы сұлтан Орта жүздегі (Орда - Б.Н.) керей руы қазақтарының ханы болып сайланды», деп жазады. Сірә, бұл өтірік Орта Ордада бірнеше хандық болды деген ұғым туғызу үшін айтылса керек. Ералыны Абылай хан өзінің туған інісіндей сыйлады. Ешқандай сайлау болған жоқ. Оны сол елге старшын етіп тағайындаған Абылай хан. Архивтің ешбір жерінде Ералы керейлерге хан болып сайланды деген сөз жоқ.
Тағы да қайталап айтамын, Әбілмәмбет ханның рөлін Абылай ханнан жоғары қоюға тырысып, сол арқылы Әбілқайырды аспандату - тарихқа қиянат. Әбілқайыр бүкіл қазақ халқының ханы болды деу бұл ақты қара дегенмен тең. Ресей императоры да ондай жарлық берген жоқ. Мен Әбілқайыр ханды қазақ халқына адал, ерекше ерлігі сіңген батыр ретінде дәріптеушінің бірімін. Оны қазақ халқының ерекше тұлғасы, батыры ретінде жазамын. Әбілқайырға астанадан көше беру, ескерткіш қою қажеттігі туралы ұсыныстарды да тиісті орындарға жаздым. Қорытынды шығар деген үміттемін.
Әбілқайырды алдыңғы қатардағы әскер қолбасшысы болған деп дәріптеу керек. Халықтың жүрегінде батыр ретінде орын алған, алуға да тиісті. Оны Бөгенбай, Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Баян, Жауғаш, Жарылғап, Толыбай, Бөкенбай, Есет, т.б. батырлардың көшбасшысы болған еді деу орынды.
Абылай хан мен Әбілқайыр ханның, Әбілмәмбет хан және басқа тұлғалардың тарихтан алатын орындарын тарих өзі белгілеген. Оны енді жаңартып өз ыңғайымызға бұруға болмайды.
Тарихи деректер Абылай хан мен Әбілмәмбет ханның адамгершіліктері өте жоғары жандар екенін дәлелдейді. Абылай хан Әбілқайыр ханды әкесіндей сыйлаған. Тіпті сол заманда ол екеуі «хан» деген дәрежеге мән бермей, туысқандық жағына көп мойын бұрғанға ұқсайды (1741 жылы Орынбордың губернаторы Урусовтың осы екі алыптарды қабылдаған есебі менің «Абылай хан» атты кітабымның 3-томында жарияланған. Әбілқайыр ханды Сырымбет батыр өлтіргеннен кейін (Барақ сұлтан емес) Абылайдың отбасына жасаған жақсылығы да ұмытылмақ емес. Бопай шеше былай депті (1748 жыл қыркүйектің 13, қор 122 тізім 1 іс 3: "...Әдейілеп бізді өлтіруге жіберген жансыздарын Абылай сұлтан естіп, біздің арақатынасымыз жақсы болғандықтан, өзінің әскерімен алып кетті. Абылай сұлтанға көп рахмет. Балаларымды ажалдан алып қалды...».
Бәріміздің міндетіміз халыққа шындықты жеткізу. Осы салада адал болайық.
Болатбек НӘСЕНОВ,
тарих ғылымдарының докторы,
құрметті профессор.
"Егемен Қазақстан" газеті