Өркениетті басқа арнаға бұрған бір сурет
Жақында түріктің белгілі жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Орхан Памуктың «Менің атым қызыл» романын қайтадан оқып шықтым. Орхан Памуктың қандай шығармаларын оқысаңыз да бір шеберлігі қоғам, мемлекет дамуының алып кезеңдерін ала отырып, сонымен бірге жеке адамдардың тағдыры, тыныс-тіршілігін, ішкі тылсымын анық және де шынайы бере алады.
Түрік ағайындардың көпшілігінің Орхан Памукты жақтыра бермейтінін де білеміз. Өйткені, қазіргі таңға дейін шешілмей келе жатқан «түріктер армяндарға геноцид жасады ма?» деген мәселеге бұл жазушы оң жауап бермесе де, сол кездегі нақты болған жағдайды суреттей отырып, тарихтың сол кездегі біраз болмысын ашып берген.
Қазір қандай түріктен сұрасаң да армяндарға қарсы геноцид болмаған, сол соғыс кезінде армяндар түріктерге сатқындық жасап, орыс әскеріне көмектескендігі бір бөлек, олар асыраушылары соғысқа кеткен, түріктердің бала-шағасын, қатын-қалашына дейін қырған. Керісінше, армяндардың түріктерге қарсы геноциді болған деген пікірге кезігесіз.
Сонда әрбір тарихи кезеңнің ғана емес, сол кезеңдегі оқиғалардың да «екі шындығы» болатындығына көзіңіз жетеді. Дегенменде, біздің әңгіме Орхан жөнін-де емес, оның романындағы кейіпкерлердің өмірі, ең негізгісі сол кездегі бүтін Ұлы империяның қоғамдық-саяси жағдайының бірнеше кейіпкер арқылы берілуі.
Бір сурет...

Бір суреттің бүкіл Осман империясының әрі қарай дамуына қалай әсер еткендігі кейбір біздің замандастарға жалған болып көрінуі ықтимал. Бірақ ол суреттің үлкен мәні бар, ол - сол кездегі Алла тағаланың Мекке мен Мәдинәдағы өкілі, жалпы мұсылман қауымының көшбасшысы түрік сұлтанының суреті. Сол кездегі түріктің сұлтаны Еуропаның рухани көшбасшысы Римнің папасына қонаққа барғанда, тек сол папаның ғана емес, басқа да христиан құдай өкілдерінің тірі суретке түскенін көріп таңғала отырып, өзінің де суретке түскісі келетіндігін айтып, ең сенімді өкіліне шар-тараптан суретшілерді жасырын түрде жиып, өзінің «тірі» суретін жасауға тапсырма береді.
Қазіргі заманның «сұлтандарымен» салыстыратын болсақ, ол кезде де сұлтанның жанында «жақын топ» деген болған, дәл қазіргі замандағы тәрізді ол кезде де сол жақын топ, қандай да бір іс-әрекеттің «тонын айналдыруға» шебер болған. Сол «тон айналдырудың» арқасында сұлтанның суретін салу қанқұйлы қылмысқа ұласып, аяғында сұлтанның «тірі суреті» жалпы қауымға шықпай қалады. Әрине, билік құрған сұлтанға «жақын айналасы» сурет-ті неге шығармау керектігін «дұрыстап отырып» түсіндіреді. Аяғында дүниежүзінің тең жартысын билеп тұрған, сол жарты дүниеге «ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс» сұлтан олармен келіседі.
Ал, ол кезде «сұлтанның тірі суреті» деген не? Ол ең бірінші мәдени тұрғыдан, Түрік империясы Еуропамен теңесіп қана қоймай, егер ол кезде түрік өркениетінің пассионарлық кезеңі екендігін еске алсақ, Еуропа мәдениетін өзіне қосып алу мүмкіндігі, геосаяси тұрғыдан алсақ, жаңа территориялық экономикалық белестер.
Түрік империясының құлдырауы орыстардан түп-тұқиянына дейін таяқ жеген ХVIII-XIX ғасырлардан емес, осы сұлтанның «суретінен» басталды десек, артық емес шығар. Әрине, бұл - аллегория. Бірақ, дегенменде тарихты қайтадан қайтаруға мүмкіндік болса, қазіргі замандағы алып империя сол Түркия болып шықпайтындығына кім күмән келтіре алады? Сурет, бір ғана сурет, бүкіл түрік өркениетінің тағдырын, басқа жаққа бұрып жіберген. Ортағасырлыққа, рухани тоғышарлыққа, өз-өзіне тоқмейілдікке душар еткен.
Ал, енді бұл мәселенің бүгінгі қазақ қоғамына қандай қатысы бар? Оны өздеріңіз ойланып көріңіздер, құрметті оқырман! Батыстың бір ғұламасы «Әдебиеттегі саясат қойылымның ортасында атылатын тапанша тәрізді» деген екен...
"Ұлт Таймс" газеті