Мұхтар Шерім. Ақырзаман «отменить» етіліпті!
Көршімді көріп, көзім шығып кете жаздады. Үйінің жанынан жер қазып жатқалы төртінші күн, құдықтың ішіне түсіп кетеді де, әйелі әкелген заттарды таси бастайды. Қызығып кетіп, жанына келдім. Бір уақытта сопаң етіп, шыға келді.
- Көрші, көңілің көңнің арасында қалғандай, не істеп жатырсың?-деп сұрадым.
- Естімедің бе не?
- Жаңа байрағымыздың көтерілгенін бе?
- Естімедің бе не?
- Тұңғыш президент мерекесін айтып тұрсың ба?
- Естімедің бе , не?
- А, ендігі жылы көктем келеді дейді...
- Естімедің бе, не?
- Естімедім, естімедім! Мен естімеген ол қандай жаңалық?
- Ақырзаман келе жатыр дейді!
- Немен?
- Автобуспен!-деп ашуланған ол маған жақындады.
- Мынауың не?
- Бункер.
- Не, баяғы соғыс кезінде Гитлер тығылған бункер сияқты ма?
Осы кезде әйелі мен қызы ырсылдап, кішігірім теледидарды көтеріп келе жатты.
- Әй, Майра, теледидарды қайтесіңдер?
- Жер астында ішіміз пыспайды ма? Түріктің телесериалын көруім керек...
- Сериал, сериал! Ақырзаман келе жатқанда сериал көріп отырмақшы ғой!
- Әке, сіздің сақал қырғышыңызды әкелейін бе?
- Керегі жоқ! Ақырзаман келгенде қырынып отырайын!

Қызы мен әйелі теледидарды тастап, үйлеріне кіріп кетті. Мен теледидарды көтерісіп ішке түстім. Жер асты үйі екі бөлмелі екен. Ағаш тіреулер қойыпты.
- Жер асты пәтерің құтты болсын!-дедім мен.
- Айтсын.
- Былай ғой. Айтқан жерден аулақ, ақырзаман болды дейік. Сұңқиып, жер бетіне шықсаңдар, тіршілік атаулы жоқ, сендер ғанасыңдар... Не істейсіңдер?
- Облысқа әкім боламын...
- Қызықсың, топан су, шайып кеткен. Ештеңе жоқ, ешкім жоқ.
- Ысқырамын.
- Ұша жөнелетін шымшық та жоқ.
Осы кезде әйелі жарты қапшық ұн арқалап, астынан қызы көтере көмектесіп келеді екен.
- Жеңеше, жер астында жатып, нан жабасыз ба?-деп сұрадым.
- Жоқ, кеспе көже пісіріп ішеміз.
- Қалай пісірмекшісіз?
- Газ плита түсірдік қой.
- Көке, сіздер қайда қашасыздар?-деп қалды қызы үрейленіп.
- Біз қашпаймыз. Үйде отыра береміз.
- Өлесіздер ғой?
- Көппен бірге өлген ұлы той...
- Әй қыз, тақылдай бермей, менің насыбайымды тауып әкел!
- Қазір әке!
Мен әйелі көтерген ұнды көтерістім. Жан-жағыма қарасам, жабылған бәнкілер, қақталған ет, макарон, керек десеңіз, кепкен балықтар да ілулі тұр!
Бір кезде, жеңешеміз отағасына бөлек жерге төсек сала бастады. Қызы екеуіне есік жаққа салып, үшеуі де киімшең көрпенің астына сүңгіп, жата кетісті. Состиып әлі тұрмын.
- Хім... көрші, а көрші, ақырзаман келмей жатып жата қалғандарыңыз қалай?
Көршімде үн жоқ. Аударылып жатты. Аяғымды еппен басып, жеңешеміздің жанына келіп, көрпесін сыпырғымен түрттім.
- Жеңеше, сіздерді әбігерге түсірген Ситчин деген оңбаған жазушы...
- Е-деген жеңешем төсектен басын жұлып алды.
- 1976 жылы ғой деймін, ойбай, көне шумер жазбаларын таптым, жаңалық аштым, ойбай, марс пен юпитер арасында Нибури деген ғаламшар пайда болып, ол жерге 2012 жылы желтоқсанда соғылады екен деп кітап жазды ғой!
- Ақырзаман келе жатыр! Үйіңе бар да, бала-шағаңмен тауға қаш! Әйелімнің қасында қарауылдап тұрсың ба не?-деп айқай салды көршім.
- Оу, мына «бункеріңнің» есігін жауып алмайсыңдар ма?
- Есікті пултьпен жабылатындай етіп жасағанмын, миымды ашытпай, кетші...
- Мен қасыңызда қалайыншы...
- Неге?
- Сіз жемейтін әкім болып кетсеңіз, мен орынбасарыңыз болып...
--Неге жемейтін әкім?...
- Енді жер бетінде жейтін ештеңе қалмаған ғой...
Бір кезде ұялы телефоным шырылдады. Сөйлесіп болдым да:
- Көрші, ақырзаман болмайды екен...-дедім.
- Қа-қалай?-деп сұрады көршім.
- «Отменить» етіпті...
- Кім? Қалай?
- Білмеймін, солай деп жатыр, жүріңіз, жер бетіне шығайықшы, жер бетінде жайраңдап жүрейікші, жер астына түсу қашпас...- деп сыртқа атылдым. Қуанған байғұстар төсектерінен атып тұрысып, жер үстіне шығуға ұмтылды... Қайран, жарық дүние...
«Abai.kz»