Су ресурстары қызметі директорының орынбасары Абдыбай Жайлообаевтың айтуынша, Қырғызстан тауар алмасы туралы келісімде көрсетілген міндеттерін орындады, бірақ көрші елге құжатта көрсетілген көлемнен артық су берілген жоқ.
"Былтыр Тоқтағұл қоймасында су тапшы болғандықтан Энергетика министрлігі Қазақстанмен 900 млн кВт/с электр қуатын алу жөнінде келісім жасады, біз оны үш жылда – 300 миллионнан қайтарамыз. Осы 300 млн кВт/с электр қуатын алу үшін қоймадан 330 млн текшеметр су ағады, өйткені біз онсыз қуат өндіре алмаймыз", - дейді Жайлообаев.
Бұның алдында қазақстандық ақпарат құралдары Қырғызстан Қазақстанда 330 млн текшеметр су жіберетінін жазған. Мәліметті журналистерге Қазақстан экология, геологиия және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев берген.
Қырғызстан бір жылда шамамен 15 млрд кВт/с электр қуатын тұтынады. Тоқтағұл қоймасындағы суды үнемдеу мақсатында қырғыз үкіметі былтыр Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстаннан 2 млрд киловатт-сағат электр қуатын алған. Сол кезде билік тұрғындарды электр қуатын үнемдеуге шақырған.
Abai.kz