Қазақстанда қандай смартфондар танымал?
International Data Corporation (IDC) дерегіне сүйенсек, биыл әлемде 314,4 млн смартфон сатылған. Бұл былтырғыдан 8,8%-ға аз.
StatCounter әлемдегі ең танымал смартфон бренді — Samsung, оларға нарықтың 28,24%-ы тиесілі екенін айтады.
Екінші орында Apple — 27,22% және үшінші орында Xiaomi — 13,05% орналасқан. Үздік 5 брендке Huawei мен Oppo кіреді. Қазақстанда да ең танымал 5 бренд осылар.
Жалпы биыл смартфондар 3%-ға қымбаттаған.
Ең үлкен жылдық өсім Ақтөбе облысында тіркелді — мұнда бірден 21,5%-ға өскен. Кейін Алматыда 6,3%-ға және Алматы облысында 5,6%-ға қымбаттаған.
Ал Қарағанды облысында 3,5%-ға, Астанада 2,9%-ға және Шымкентте 2,3%-ға арзандаған.
Abai.kz