Жұма, 22 Қараша 2024
2400 1 пікір 27 Шілде, 2022 сағат 13:37

Қазақстан қант өндіруді 80 пайызға көбейтеді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев 2025 жылдың соңына қарай қант өндіруді 80 процентке дейін жеткіземіз деді. 

– 2025 жылдың соңына дейін қант қызылшасын егуді көбейту жөнінде нақты жоспар бар. 2025 жылға қарай қант импортын екі есеге түсіреміз, - деді Қарашүкеев.

Наурыз айында Ресей қант экспортына тыйым салғаннан кейін, Қазақстанда қант тапшылығы болып жатыр.

– Былтыр қанттың 70 проценті Ресейден келді. Қазір басқа жолдарды қарастырып жатырмыз. Бұл қант шикізатына қатысты квотаны көбейту. Сосын Ресейге санкция салынғаннан кейін, көлік-логистикалық жолдар қиындады. Бұрын 20 мың тоннаға дейін қант өткізетін болсақ, қазір 5 мың тонна ғана аламыз. Жеткізу мерзімі де біршама ұзарды, - деді Қарашүкеев.

Қазір Қазақстанда төрт қант зауыты бар.

Министрдің болжамы бойынша, Ресей қыркүйекте қайтадан қантты экспорттай бастайды. Сол кезде қант бағасы түседі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321