Бейсенбі, 10 Қазан 2024
2675 2 пікір 27 Шілде, 2022 сағат 14:52

"Соғысты насихаттаушыларды қатаң жазаға тарту керек"

Елордадағы қоғамдық орында ұйымдастырылған караокеде бір топ ресейлік «Вагнер» жеке әскери компаниясы (ЧВК Вагнер) деген атпен танымал жалдамалы жендеттер туралы арандатушылық әнді шырқаған. Ресейдегі соғысты насихаттайтын бұл арандатушылық әрекет бірінші рет болып тұрған жоқ. Сондықтан қоғам белсенділері ресейлік насихат жүргізушілерді жазалауды талап етті.

«Соғысқа шақыру біздің заңдарға қайшы келетін нәрсе, өйткені Қылмыстық кодексте шетелдегі соғысқа қатысуға үгіттеуді жазалайтын арнайы баптар бар. Қатысқандарын жауапқа тартып, соттап жатады. Сондықтан үгіт-насихатпен айналысып жүрген кім болса да, оларды жауапқа тартып, қатаң жазалау керек деп есептеймін. Қазақстанның полицейлері немесе ҰҚК органдары сол адамдарды тауып, заң шеңберінде жазалауы тиіс», - дейді белсенді Арман Шораев.

Сонымен бірге, белсенді Қазақстанға келіп жатқан шетелдіктерді тексеру керектігін айтты.

Елімізге келіп жатқан 10 адамның екеуі ФСБ-ның агенттері деп ойлаймын.Келіп жатқан ресейліктердің көбі соғыстан, әскерге шақыртудан қашып жатқандар. Бір жағынан оларды да түсінуге болады. Бірақ егер Қазақстан шекарасын өтіп жатса, олар бір анкета толтырып, біздің елдің заңдарын құрметтеуге уәде берулері тиіс. Елімізге зиянын тигізетін әрекеттерді жасамау, іріткі салу немесе соғысты жарнаманы жасамауы керек. Сонымен бірге, келіп жатқан азаматтардың әлеуметтік желідегі парақшаларын тексеру қиын емес. Мысалы, АҚШ-тың визасын алу кезінде әлеуметтік желідегі парақшаларын тексереді. Бізге де дәл сол сол тәсілді қолдану қажет. Бұл жерде жаңадан велосипед ойлап табудың қажеті жоқ. Шынымен қауіп бар, біз ол қауіпті жоққа шығара алмаймыз, – дейді ол.

Арман Шораев соғысқа үгіттейтін әндерді шырқап жүрген өзге елдің азаматтарын елден депортациялап, Қазақстанға келуге тыйым салу керек, ал, өзіміздің азаматтар арадатушылық әрекетке барып жатса, сепаратизм бойынша жауапқа тартуға болады деп есептейді.

 

Abai.kz

2 пікір