Екібастұзда ірі өрт шықты
27 шілде күні Екібастұзда төрт бірдей аумақ өртке оранды.
"27 шілдеде Тай ауылында ашық аумақта өрт шықты. Бірінші учаске – 20 гектар, екіншісі – 30 гектар, үшіншісі – 20 гектар және соңғысы – 15 гектарды қамтыды", – деп хабарлады өңірлік ТЖ департаменті.
Жалпы ауданы 400 шаршы метр құрғақ шөп жанып кеткен. "Богатырь Көмір" ЖШС-не жетпей 3 гектар құрғақ шөп пен қамыс өртенген. Өрт келесі күнгі таңғы сағат жеті жарымда толықтай сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.
Abai.kz