Сенбі, 19 Сәуір 2025
3178 3 пікір 28 Шілде, 2022 сағат 14:27

Киножобаларды қаржыландуға 5,6 млрд теңге бөлінді

Мемлекеттік бюджеттен 62 киножобаны қаржыландыруға 5,6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шөкенов 18 толық метражды, 19 деректі, 17 қысқа метражды және 8 анимациялық фильм қаржыландырылатынын мәлімдеді.

"Биылғы жылы мемлекеттік қаржыландыру сомасы 5,6 млрд теңгеден асты. Әлеуметтік маңызы бар, соның ішінде анимациялық фильмдерге 4,95 млрд теңге жұмсалады. "Дебют" санаты бойынша фильмдерге шамамен 500 млн теңге, көпшілік көрермен аудиториясына арналған фильмдерге тағы 129,5 млн теңге және бірлескен өндіріс фильмдеріне 25 млн теңге бағытталады", - деді Бауыржан Шөкенов.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2033
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4889
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4087