Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2851 0 пікір 6 Желтоқсан, 2012 сағат 06:39

Челахтың адвокаты Сәрсенов сот отырыстарына сәрсенбіден бастап қатысады

Алматы. 4 желтоқсан. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова.

Шекарашы Владислав Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов сәрсенбіден бастап сот отырыстарына қатыса бастайды.

«Менде гипертониялық криз болды. Қазір өзімді бұрынғыдан гөрі жақсы сезінудемін. Ертең күреске қайта кірісемін, ертең мен дайындалып барамын. Бүгін кешке Талдықорғанға жол жүремін», - деп хабарлады С.Сәрсенов сейсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне.

С.Сәрсеновтың айтуынша, сотта іс бойынша айғақтарды зерттеу аяқталғаны туралы жарияланысымен, В.Челах құпия жасалған бейнежазбалардағы өзінің сөздерін түсіндіреді.

«Судья айғақтарды зерттеу туралы жариялағаннан кейін Челах жауап беріп, теледидардан көрсетіп жатқан, камерадағы құпия түсірілімдер, психиатрларға айтқандары бойынша түсініктеме береді. Бұған қоса, ол жерде бөтен адамдардың мәйіттерін көргенін де айтады», - деді адвокат.

Сондай-ақ, С.Сәрсенов бас прокурорға судья Ербол Ахметжановқа қарсы қылмыстық іс қозғау туралы арыз жолдағанын айтты.

«Бүгін Астанада менің бас прокурордың атына жазған судьяға қарсы үш бап - салғырттық, билігін асыра пайдалану және адвокаттық қызметке кедергі келтіру бойынша қылмыстық іс  қозғау туралы менің арызымды тапсыруға тиіс. Мен оның әрекеттерінен осы қылмыстардың белгілерін көріп отырмын», - деді ол.

Бұрын хабарланғандай, 30 қарашада В.Челахтың ісі бойынша сот отырысы шекарашының адвокаттары Серік Сәрсенов пен Серік Естияровтардың денсаулық жағдайларына байланысты қатыспауы себепті 4 желтоқсанға ауыстырылған болатын.

Еске сала кетейік, 30 мамырда «Арқанкерген» шекара бекетінің өртенген ғимараты табылған. Сол жерден 13 адамның өртенген мәйіттері табылды. Кейін тағы бір шекарашының жансыз денесі табылды. Бұдан басқа, шекара бекетіне жақын жерден қорықшының денесі табылды.

Тірі қалған шекарашы Владислав Челах қызметтестерін өлтіргенін мойындады. Оған ҚР ҚК 96 б. 2 б. «а» тармағы бойынша айып тағылды. Тергеу болжамына сәйкес, қылмыс жасауға ішкі қақтығыстар итермелеген.

1 қазанда В.Челахқа қылмыстық кодекстің сегіз бабы бойынша айып тағылды: 2 және одан көп кісіні өлтіру, «құпия» грифі бар құжаттарды ұрлау, жымқыру, қару-жарақты ұрлау және заңсыз сақтау, әскери мүлікті бүлдіру, тұрғын үйдің қолсұғылмаушылығын бұзу және дезертирлік.

2 қазанда Қазақстанның бас прокуратурасы шекарашы В. Челахтың ісі бойынша тергеудің аяқталғанын хабарлады.

В.Челах пен оның адвокаттары іс материалдарымен 26 қазанда танысып бітті. Бас әскери прокуратура хабарлағандай, 2012 жылдың 31 қазанында қылмыстық іс сот қарауына жолданды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371