Прокурор «Сары Бөктер» заставасының бұрынғы бастығы Фоминді 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Талдықорған. 4 желтоқсан. ҚазТАГ
Талдықорған әскери гарнизоны сотының отырысында прокурор «Сары Бөктер» заставасының бұрынғы бастығы Алексей Фоминді 10 жылға бас бостандығынан айыруға шақырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«А.Фоминді 10 жылға бас бостандығынан айыруда сұраймын», - деді мемлекеттік айыптаушы Қайрат Ермаханов сейсенбі күні айыптаушы қорытындысын оқу барысында. Тараптардың жарыссөзі жалғасуда.
Бұрын хабарланғандай, А. Фомин ҚР қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айыпталуда: Ұшарал шекара отрядының басшылығынан «Арқанкерген» бекетінің мамырдың 28-інен 30-ына дейінгі кезеңде байланысқа шықпағанын жасырып қалу, байланысты қалпына келтіру шараларын қабылдамау, қару-жарақты заңсыз сақтау, әрекетсіздік таныту, билікті асыра пайдалану және қызметтік құжаттарды қолдан жасау.
«Сары бөктер» шекара заставасының бұрынғы бастығының үстінен сот ашық түрде өтіп жатыр. А. Фоминге қатысты қылмыстық іс 7 маусымда қозғалған. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. 2012 жылдың 31 қазанында іс сот қарауына жолданды.

Еске сала кетейік, 30 мамырда «Арқанкерген» шекара бекетінің өртенген ғимараты табылған. Сол жерден 13 адамның өртенген мәйіттері табылды. Кейін тағы бір шекарашының жансыз денесі табылды. Бұдан басқа, шекара бекетіне жақын жерден қорықшының денесі табылды. Тірі қалған шекарашы Владислав Челах қызметтестерін өлтіргенін мойындады.