Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 1029 0 пікір 25 Шілде, 2022 сағат 15:05

Алматыда екі балабақша ашылады

Қазақстан балабақшалардың қолжетімділігі толық шешілмеген мемлекет саналады. Бұл бір жағынан демографияның қарқынды көбеюімен түсіндірілсе, екінші жағынан жүйесіз урбанизациямен де түсіндіріледі. Сол себепті де Қазақстан балабақша салуды қалалық аймақта барынша жылдамдатуға мүдделі. Алматы қаласы да бұл тенденциядан қалмақ емес. Балалар саны бойынша көш бастап тұрған қалада жаңалықтар жетерлік.

Алматыда жыл соңына дейін 560 орынға арналған 2 мемлекеттік балабақша және 6 мың орындық 69 жекеменшік бөбекжай ашылмақ. Бұл туралы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір қалада 43 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Айта кетейік, Алматыда 866 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеп тұр. Онда 75 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр.

«Қалада мектепке дейін білім беру саласындағы негізгі проблема балабақшалардағы орын тапшылығы болып табылады. Бүгінгі таңда, 1-6 жасқа дейінгі 43 мыңнан астам бала кезекте тұр. 2-6 жасқа дейін балалар 71,4 пайыз, 3-6 жасқа дейінгі балаларды 91,6 пайыз қамтылған», – деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов.

Ал балабақшаларды лицензиялау кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен жаңадан ашылған бөбекжайлар тексеріледі. Екінші, мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген балабақшалар, үшінші, барлық жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі білім беру ұйымы тәуекелдерді бағалау деңгейі бойынша лицензияланатын болады.

«Білім министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарда лицензиялауды енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі заңнамада белгіленген тәртіппен енгізілген лицензиялаудың реттеуші әсеріне талдау жасалады. Содан кейін тиісті заң жобасы қабылданады. Бүгінгі күнге қолданыстағы нормаларға сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда ашу кезінде қызметтің басталғаны туралы тек хабарлама түрінде жіберу қажет», – деді Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Омарова.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматының Саялы шағын ауданында 160 балаға арналған балабақшаның құрылысы басталғаны туралы айтылған болатын. Ол туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев хабарлады.

«Қазіргі уақытта Зерделі шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. 2023 жылдың наурыз айында аяқтау жоспар бар. Балаларды сыныптан тыс оқытумен қамту көлемін одан әрі арттыру үшін қазіргі уақытта көпсалалы Инновациялық шығармашылық орталық (Оқушылар сарайы) салынуда. Оған 5 мыңнан астам бала баратын болады. Құрылысы 2023 жылдың II тоқсанында аяқталады», - деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Сонымен қатар Қарасу тұрғындарының тілектерін ескере отырып, шаһар басшысы Мәдениет үйінің ғимаратын сатып алу туралы тапсырма берді. Қажетті қаржы (483 млн. теңге) бөлінді, ғимаратты сатып алу жұмыстары жүріп жатыр.

«Жыл соңына дейін онда кемінде 10 шығармашылық және білім беру секциясын ашамыз және күн сайын 150-ге жуық бүлдіршіндеріміз осы секцияларға қатыса алады», - деді Ерболат Досаев.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5314